Қазақстан • 27 Наурыз, 2022
Петропавл қаласындағы ең сәулетті сарайда «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференция Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан атақты ақын-жазушылар – ұлтымыздың мақтанышы Ғабит Мүсіреповтің – 120, Сафуан Шаймерденовтің – 100 және Кәкімбек Салықовтың 90 жылдық мерейтойларына арналды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2022
Жылу қалыпты жағдайда берілуде
Петропавлдың 1961 жылы пайдалануға берілген жылу-электр стансасының үш мұржасының бірі жарым-жартылай құлап, бір жұмысшы астында қалды деген әңгіме тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
СҚО-да республикалық айтыс өтті
Қызылжарда республикалық ақындар айтысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Наурыз, 2022
Медициналық сақтандырудың пайдасы зор
Солтүстікқазақстандықтар жыл өткен сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) пайдасын артығырақ көріп келеді. Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр МӘМС жүйесі бойынша көрсетілген консультативті-диагностикалық көмек 1,3 есе артқан. Соның ішінде КТ, МРТ аппараттарының аса қымбат қызметтері 23 600 рет көрсетілген. Ал бұл – 2020 жылғыдан 3,5 есе артық. Сөйтіп, облыс тұрғындары өздерінің 473 млн теңге шығындарын үнемдеп қалды.
Экология • 14 Наурыз, 2022
«Еуразияның» алғашқы кезеңі аяқталуға жақын
Каспийдің ойпатында жаңа кен орындарының ашылуы көмірсутек шикізатының стратегиялық резервін арттырып, көмірсутектерді өндірудің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Еуразия» халықаралық жобасының жүзеге асыру барысына арналған кеңесте отандық геологтер айтты.
Руханият • 09 Наурыз, 2022
Мемлекеттік тіл – ана тіліміздің ахуалы қазір барынша ауыр жағдайда. Осы бағытпен кете берсе бір уақытта жұтылып кетпес пе екен деген де қауіп өте зор. Орысша түгілі қазақша оқитын, үйде қазақша сөйлейтін балалардың көбі бос уақыттарында бір-бірімен тек орысша сөйлеседі. Ол жалғыз Солтүстік облыстарда ғана емес астанада да, Алматыда да солай екенін көріп жүрміз. Өмірімізге етене еніп бара жатқан интернет, ондағы орыс тіліндегі түрлі ойындардың бәрі бала атаулының санасына сұғына енуде. Сондықтан бізге бар білім мен күшімізді, қаржылық әлеуетімізді интернеттегі балалар ойындарының, хабарларының, киноларының тілін қазақшаға бұруға салу керек.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2022
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 3,7 мың көпбалалы ана бар. Соның ішінде 196-сы Кеңес кезінің «Батыр ана» атағын алған. Ал аналарға арналған қазақстандық ең жоғары марапат «Алтын алқаны» иеленгендер саны – 1,2 мың. Бұл – жетіден көп бала өсіріп, тәрбиелегендер. Ал алты бала өсіргендерге берілетін «Күміс алқаны» 2 мыңнан астам ана иеленген.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама
Оны таратқан Петропавлдың мас тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол «102» арнасына телефон шалып, Заводская көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде жарылғыш зат тұрғаны туралы суыт хабар жеткізген.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Шал ақын ауданының аумағы негізінен Есіл өзенінің бойында орналасқан. Бірақ соған қарамастан таза ауыз суға әлі де қол жеткізе алмай отырған ауылдар бар. Мәселен, Ступинка, Семиполка ауылдарына ауыз су жетеді деген әңгіме көптен айтылғанымен әлі де шешілмеді. Ең бастысы, жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайын болған, бірақ соны іске асыратын қаржы бөлінбеген.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Балықшыларды ажалдан алып қалды
Кеше Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қостанай облысымен шекаралас жерінде екі балықшының адасып, қар құрсауында қалғаны туралы дабыл аудан орталығындағы №18 өрт сөндіру бөліміне жаны шығып, шырылдаған әйелден түскен. Адасқандардың бірі оның күйеуі екен, деп жазады Egemen.kz.