Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Алаяқтар петропавлдықтың 12 млн теңгесін қолды еткен

Әйел адам ұлын оқытуға депозитке ақша жинаған. Алайда кибералаяқтардың құрығына түсіп қалып, бір күнде бар жиғанынан айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Анасының атына несие алып, сазға отырғызған ұл ұсталды

Петропавл қаласының әйел тұрғыны өз атына біреудің 60 мың теңгелік шағын несие ресімдеп, сазға отырғызып кеткенін айтып, полицияға шағынған. Полицияның күдігі оның 31 жастағы ұлына түседі. Есірткіге тәуелді жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған. Әйелдің телефоны тек ұлына ғана қолжетімді, сондай-ақ ол анасының банк картасының пин-кодын білген. Сондықтан бірінші кезектегі күдікке сол жігітке ілігеді.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Жыл басынан бері Петропавлда мәжбүрлеп емделуге 23 адам жіберілді

Жыл басынан бері Петропавлда ащы судың буымен 53 қылмыс жасалған, оның ішінде денсаулыққа зиян келтірудің барлық жағдайлары орын алған. Артық ішілген алкоголь отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылық фактілерінің негізгі себепшісі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

СҚО полиция ардагерлері жаңа төраға сайлады

Ішкі істер министрінің кеңесшісі, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков СҚО полиция ардагерлерімен кездесті. Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ескендір Елеусізов пен Жангелді Тәжин  қатысқан кездесуде ақсақалдар мен ІІО мен Ұлттық ұлан облыстық ардагерлер ұйымы жұмысының қорытындысы талқыланды, сондай-ақ Кеңестің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза алынды

Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақытта жасжігіттің есірткі өткізуге қатыстылығын анықтауүшін бақылау жұмыстарын жүргізді. Күдік шындыққа айналғанда ол өзінің тұрғылықты мекенжайында ұсталды.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

СҚО-ға қатысты жаңа Кешенді жоспар қабылданды

Кеше Солтүстік Қазақстан облысы үшін айрықша оқиға болды. Премьер-Министр Асқар Мамин төрағалық еткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары қаралып, бекітілді. Бұл -Солтүстік Қазақстан облысының дамуына бұрын болмаған ерекше қаржы құю. Елдің шетіндегі, желдің өтіндегі облысқа мемлекет тарапынан қарастырылған мұндай қамқорлыққа облыс тұрғындары шексіз ризашылықтарын білдіруде.

Тарих • 31 Наурыз, 2021

Халқымыздың жаны сірі-ау...

Большевиктер өкімет басына келген жылдардан бастап, «Сұмырай келсе, су құриды» дегендей, елді жаппай аштық жайлаған.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Петропавлда мыс кабелін ұрлағандар қолға түсті

Петропавлдағы ЖШС аумағынан жоғарғы бағасы 500 мың теңге тұратын 30 метрлік мыс кабелі ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

СҚО полицейлеріне Германия тұрғынынан алғыс хат келді

СҚО ПД бастығы, полковник Марат Төлебаевтың атына Германия тұрғыны Лилия Нельденің атынан алғыс хат келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Петропавл полицейлері асыл тұқымды итті ұрлаған адамды ұстады

Бағасы 120 мың теңге болатын хаски тұқымдас итті ұрлаған адам бейнекамерадағы жазбаның көмегімен ұсталды. Ол ит тұрған бөтен аулаға баспалап келіп, сүйкімді итті алып шығып, машинасына салып алып кеткен.