Қоғам • 16 Тамыз, 2021
«Жан шошытқан жарылыстың жанында болдық...»
«Мен 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының Орталық деген ауылында тудым. 1970 жылы өзіммен қатарлас жігіттермен бірге әскерге алындым. Алдымен Петропавл қаласына жиналдық. Қазақ жігіттері өте көп еді. Көрші ауылдардан Нияз Жоламанов, Нұрлан Асайынов және басқалар болды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Олимпиадаға қатысқандар қуанта алмай ұнжырғамыз түсіп жүргенде солтүстікқазақстандық Асыл Ахметова деген қызымыз аттың үстінде түрегеп шауып, бір серпілтіп тастады. Оның Instagramдағы парақшасына бірнеше сағаттың ішінде ғана жазылушыларын 15 мыңға жеткізген.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан алған дерекке қарағанда, бүгінгі таңда агроқұрылымдар 578 мың тонна шөп үйіп алған. Бұл – жоспардың 68 пайызы.
Коронавирус • 03 Тамыз, 2021
Індет барлық ауданнан анықталып жатыр
Жуырда Денсаулық сақтау министрі А.Цой Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада індет жұқтыру 3,5 есе өскенін айтты. Ал сол кезде жалпы республикадағы өсім 1,9 есе болған. Осының өзі Қызылжар өңіріндегі ахуал алаңдатарлық екенін көрсетіп тұр.
Қоғам • 03 Тамыз, 2021
Көпбалалы үйдің қам-қарекеті де көп
Петропавл қаласындағы Култышевтер отбасында жуырда 17-інші сәби өмірге келді. Мұндай ерекше жаңалық кез келген адамды елең еткізері сөзсіз.
Қоғам • 02 Тамыз, 2021
Цензура деген кешегі кеңес заманының ажырамас атрибуттарының бірі еді. Алайда ол Кеңес Одағының ойлап тапқан дүниесі емес, бұрыннан, патша заманынан бар сөз бостандығын шектеу құралы еді.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Жарты жылда – 8 мыңға жуық жұмыс орны
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде 2021 жылдың алғашқы жартысын қорытындылаған отырыс өтті. Онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталғанын айтты.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік
«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.
Сайлау • 26 Шілде, 2021
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қасқиннің айтуына қарағанда, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдері сайлауында сайлаушылардың 87,08 % қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2021
Абайлаңыз, рульде – мас жүргізуші!
Соңғы 10 күннің ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер 53 мас жүргізушіні ұстағаны мәлім болды. Шілде айында өткізілген облыстық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі осындай.