Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Петропавлда үш айда 211 интернет-алаяқтық тіркелген

Петропавлдық зейнеткерлерге интернет-алаяқтар қоңырау шалып, әбігерге салған. Қоңырау шалған бикеш үй иелерінің аты-жөндерін атап амандасқан соң, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке мәліметтерін атауды сұраған. Банк карталарыңызда күдікті біреулер бұзып кіріп, сіздердің атыңызға несие ресімдепті-мыс деп түсіндірген.

Қоғам • 13 Сәуір, 2021

Масаң жүргізуші өзін ғана емес төрт жасар ұлын қауіпке ұрындырды

СҚО-дағы аудан орталығы Мамлюткадан төрт жастағы баласымен Петропавлға келген 45-ке келген тұрғын «ВАЗ-21120» көлігімен қарсыбағыттағы «Volkswagen Passat» машинасына соғылған. Тексеріс барысында оның жеңіл дәрежедегі ішімдік ішкендігі анықталған.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2021

ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде

ТЖД жиынтық жасағының бөлімшелері шағын өзендердегі арналарды тазартып, су айдындарының деңгейін өлшеу және қарғын су мен қар қорының жиналуына іргелес алқаптардың мониторингін жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2021

Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді

Петропавл қаласында контрафактілі алькогольдің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 11 Сәуір, 2021

«Киік жаппай қырылып жатыр»..

«Солтүстік Қазақстанда киік жаппай қырылып жатыр» деп дүрліктірген хабарды отандық БАҚ-та жерден жеті қоян тапқандай жариялап, жұрттың бәрін елең еткізді. Біз осы хабарды анықтамақ болып, Солтүстік Қазақстанның тиісті қызметтеріне жүгіндік.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

Үш айда 25 келі есірткі тәркіленді

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Сәуір, 2021

65 құтқарушыға вакцина егілді

СҚО ТЖД құтқарушылары мен өрт сөндірушілері адам өмірін құтқара отырып, өздері де жаман індетке ұшырап қалмаулары керек, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 05 Сәуір, 2021

Жедел әрекет ету топтарының жұмысы пысықталды

Петропавлда тасқынға қарсы жедел әрекет етуге арналған Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті тобының күштері мен құралдарының дайындық сапы қаралды.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2021

СҚО-да соңғы үш айда ғана 99 қалтафон ұрлығы жасалған

СҚО-да қалтафон ұрлығы өршіп тұр. Соңғы үш айда ғана облыс бойынша осындай 99 ұрлық тіркелді. Бұл қылмыстың ашылуы әзірге 78%-дан жоғары.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2021

Қырағы полицейлер газ балонының жарылуына жол бермеді

СҚО Қызылжар ауданы Соколовка ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінде кешкі мезгілде өз жұмыстарымен отырған полицейлер көрші үйлердің бірінің шатырынан лаулаған жалынды көріп қалады. Дереу өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалумен қатар оқиға орнына үш офицер жүгіріп жетеді. ППБ бастығы, полиция майоры Эльдар Аллахверанов үйдің терезесін тарсылдатқан. Алайда үйдің жанып жатқанын телефонмен қызу сөйлесіп жатқан екі кемпір сезбеген. Олар тіпті терезенің тарсылына да мән бермеген.