Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Экономика • 19 Қаңтар, 2021

Барлық салада өсім бар

Солтүстік Қазақстан облысы жаман індеттің кесіріне қарамай былтырғы жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында өсімге қол жеткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста айтылды.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті

Бүгін Петропавлда таңғы сағат 8.00 шамасында «Toyota RAF4» автомашинасының жүргізушісі, 53 жастағы әйел М.Жұмабаев көшесінде жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 32 жасар тұрғынын соғып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗ 3302» автомашинасы доңғалағының астына түскен.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды

Петропавл қаласында мефедрон сатқан 29 жастағы ер адам мен 19 жастағы қыз тиісінше 12 және 7 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған

Петропавл қаласының бір тұрғыны 14 жыл бұрын сатып алған үйіндегі қойманы тазарту барысында оқтар тауып алғанын полицияға хабарлаған, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Жол ережесін бұзғандар тыйылмай тұр

Петропавл қаласының көптеген жүргізушілерінде жол тәртібін сақтау мәдениетінің төмен екенін бұрын да жазған болатынбыз. Патрульдік полиция қаптап жүргенімен жүргізушілер олардан ыға қоймайды. Шағын қалада кем дегенде сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргісі келетін есерлер көп. Ондайлар, әсіресе басқа қаланың нөмірін таққан машиналарды алдына түсіргісі келмейді. Баланың намысқойлығы сияқты сондай қылықтарды көргеніңде сананың төмендігін сезесің. Сана төмен болған соң мәдениет те болмайды ғой.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Сайлау учаскесінің түбінде ұл бала өмірге келді

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау болатын күннің қарсаңында сайлау учаскесі орналасқан ғимараттың бір бұрышындағы жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке аудандағы ауруханаға жете алмай, толғақ қысқан 34 жастағы келіншектің нәрестесі дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Учаскелік инспекторлар 54 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтады

ІІМ жүйесінде өткен жыл «Учаскелік полиция инспекторы жылы» болып жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 12 Қаңтар, 2021

Петропавлда үш автокөлік соғысқан жол апаты болды

Жол ережесін бұзып, бағдаршамның тиым салған жарығына жүріп кеткен Mersedes Benz 350S  Nissan Primera автомобиліне соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Үйіне аман-есен оралды

Нұр-Сұлтан қаласының жүргізушісі Нұрбол Ақбаев СҚО Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Алмас Сұлтанов пен осы аудандағы Қулыкөл ауылының төрт тұрғынына   Instagram арқылы ризашылығын білдіріпті.

Оқиға • 11 Қаңтар, 2021

650 учаске жұмыс істеді

Кеше Петропавл қаласында қыстың әсем шағырмақ күні тұрды. Алдыңғы түнде жауған ақ ұлпа қар көзді қарып, айналаның бәрін аппақ қылған. Осыдан 2-3 күн ғана болған 35-40 градустық суықтың бүгін ізі де жоқ. Бұл да болса халықтың көңілін көтеріп, бәрі де сайлау учаскелеріне қарай ағылды.