Пікір • 20 Сәуір, 2023
Қоғамды тану сол ортада өмір сүріп жатқан адамдарды танудан басталады. Ал адамды танудың жолы – ол өмір сүрген отбасы, ошақ қасы оған қандай тәрбие берді, соған көңіл аударамыз. Яғни ізгі адам өнегелі, ізгі отбасының – жемісі.
Пікір • 20 Наурыз, 2023
«Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!» деп Абай айтқандай, дүниенің тірегі – татулық. Тату елдің берекесі артады, бірлігі бекиді. Ерте дәуірден бізге жеткен мынадай әпсана бар. Қуаты мығым, жасағы мықты бір патша теңіздің арғы жағында алыста жатқан бейтаныс елге шабуыл жасау үшін қам жасайды. Әуелі елшілерін жіберіп, аңдысын байқайды. Жіберген елші-тыңшылары патшаға көрген-білгенін айтып келеді. «Ол елдің бірлігі бекем, ағайын арасындағы татулығы тас қамалдай берік екен. Ағасы үшін інісі, елі үшін ұланы жанын беруге даяр тұрған жұртты көрдік», депті тыңшылар. Барлаушылардың баянын тыңдаған патша басын шайқап: «Татулығы терең елді жау алмайды, бірлігі бекем жұртқа жұт келмейді» деген оларға соқтықпайық, жеңіліп масқара болады екенбіз», депті.
Тәрбие • 23 Ақпан, 2023
Жуықта Павлодар өңіріне жолымыз түсті. Осы сапарымызда атамыз қазақтың «жүре берсең, көре бересің» дегеніндей, әз әже, абзал ана, қадірлі кейуананы жолықтырдық. Жарықтық Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жаңатаң ауылында тұрады екен. Жасы 93-те, 1930 жылы дүние есігін ашқан.
Таным • 23 Ақпан, 2023
«Саба дегеніміз – қымыз, шұбат ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен пішіп тігілетін ыдыс. Сабаны шел майы мен көк етін қырып тазалап, ағынды суға байлап шаң-тозаңынан арылтқан және сыртқы түгін қырып тақырлаған жылқы немесе сиыр терісінен жасайды» деп жазылған екен уикипедиялық анықтамалықта.
Әдебиет • 14 Ақпан, 2023
Қазақтың тілдік танымында «тентекті тезге салу» деген тіркес бар. Немесе аталарымыз «Қисықты тез түзейді, бүкірді көр түзейді» деп те айтады. Бұл сөз мағыналық тұрғыдан қоғамда, яғни ел ішінде болатын кейбір қыңыр-қисық, телі-тентектерді жөнге салып, оның мінезіндегі қыңырлықтары мен әрекетіндегі оғаш қылықтарын жөнге келтіру үшін жасалған шаралар екені анық.
Жәдігер • 14 Ақпан, 2023
Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әртүрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілген терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік, т.б. деп аталады.
Пікір • 07 Ақпан, 2023
Ежелгі ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысы мен қоғамдық құрылымын батыстықтар nomad деп таныса, ресейліктер «кочевники» деген ат қойып жүр. Бұл тіркестер қазір халық санасына терең сіңіп кеткенімен, мән-мағына жағынан соншалық мақтанарлықтай атау емес.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2023
Халқымыздың ауызекі баяндау тілінде «талқыға түсті», «талқыға салынды» немесе «талқыланды» дейтін сөз тіркестері ұдайы кездеседі. Бұл мәтін мағыналық тұрғыдан «сөйлесілді», «келісілді» қатарлы ұғымдардың синонимі іспетті. Осы орайда, жалпы «талқы» атауы нені білдіреді, оның мағынасы қандай әрі бұл қандай зат дегенге тоқталсақ.
Жәдігер • 31 Қаңтар, 2023
Шапан – халқымыздың ежелден келе жатқан кәделі киімі. Тіпті оның қолданысқа енуі сонау көне ғұн, кейінгі түркі дәуіріне қатысты деректерде кездеседі. Мысалы, ежелгі ғұн мәдениетінің ең ірі үлгісі саналатын атақты Ноин-Ула қорымына ХХ ғасырдың басында қазба жұмысын жүргізген орыс ғалымы П.К.Козлов (1863-1935) ұзындығы 1,17 м, ені (жеңімен) 1,94 м ғұн шапанын тапқанын білеміз. Бұл мұра қазір Эрмитажда тұр.
Ең қысқа әңгіме • 30 Қаңтар, 2023
Шамамен 1999 жылдың күз бен көктемінің бірі. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында ақын-жазушылармен кездесу өтетін болды. Ел қатарлы біз де бардық. Кездесуді жүргізіп отырған ақын Есенғали Раушанов залда отырған қаламгерлерге кезек-кезек сөз беріп қояды.