Қазақстан • 27 Қазан, 2021
Қазақ боксының баһадүрі атанған Шоқыр Бөлтекұлы жайлы қазақ спорт журналистикасының іргесін қалаған қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов «Қазақстанға бокс қолғабын алғаш арқалап келген адам» десе, қазақтан шыққан қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлы: «Дүниеде екі-ақ нағыз қазақ бармыз, бірі – мен, бірі – Шоқыр» депті. Сол сияқты қайраткер жазушы Шерхан Мұртазаның «Шоқыр – ноқтаға басы сыймаған аз қазақтың бірі» дегені тағы бар.
Тарих • 27 Қазан, 2021
Майданнан он ұлы аман оралған ана
Газетіміздің 8 қыркүйек күнгі санында «Тырналар жыры» атты жазбамыз жарияланған-тын. Ол мақалада Солтүстік Осетия-Алания Республикасының Алагир ауданына қарасты таулы қыратта орналасқан Дзуарикау атты ауылдан Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған Газдановтардың жеті ұлының бірде-бірі тірі оралмағаны жайлы жазылған еді. Ал бұл жолғы жазба жоғарыдағы қайғылы оқиғаның келесі қыры іспеттес.
Аймақтар • 26 Қазан, 2021
Тарбағатайлық коллекционер тартуы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінде «Тарихи мұра – ұрпаққа аманат» атты көрме өтіп, нәтижесінде мекеме қорындағы жәдігерлер саны үш жүз дана тың мұрамен толықты.
Қоғам • 20 Қазан, 2021
Ескерткіштер еңсе көтеріп, музыкалық мұралар жаңғыртылды
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған маңызды шара «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Тұжырымдамасында көрсетілген басым бағыттың бірі еліміздiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту болатын.
Тарих • 07 Қазан, 2021
Густав картасындағы қазақ жері
Соңғы жылдары, әсіресе пандемиялық ахуал кезінде шетелдік, соның ішінде еуропалық ғылыми-зерттеу орталықтары мен танымал университеттер архивінде және дәстүрлі музей-кітапхана мекемелері қорында сақталған азиялық мұраларды жеке википедиясы (Johan Gustaf Renats kartor) немесе энциклопедиялық (Renat map) тегін мәліметтері арқылы көпшілікке ұсынуда. Соның бірі – швед офицері һәм картограф Йохан Густаф Ренат (1682-1744) жасаған карталар. Бұл сызбаларда қазіргі қазақ даласының шығыс бөлігі қағаз бетіне түсіріліпті.
Қазақстан • 07 Қазан, 2021
Азаттықтың арқасында атамекенде тамыр жайдым – дейді қандас қария Дәкіс Мешелұлы
– Қобда бетінде (Моңғолия) туып, етек-жеңі кең моңғол ағайындармен қолтықтасып бірге өскен біз үшін Қазақстан қасиетті Меккенің қаратас байланған құбыласындай елестейтін, – дейді ел газеті «Егеменге» келіп, өзінің өзекжарды ойын айтқан Дәкең ақсақал.
Тарих • 30 Қыркүйек, 2021
Ресей Федерациясының ежелгі тарихи шаһары Санкт-Петербург қаласында орналасқан Эрмитаж музейінде қас бетіне көне ұйғыр әріптерімен жазу бәдізделген «Чингисов камень» атты жәдігер тұр. Тарихшы ғалымдардың пайымы бойынша мұндағы тас бетіндегі жазу 1224 немесе 1225 жылы қағанның көзі тірі кезінде таңбаланған дейді. Демек, бұл тас жазу әлемді бағындырушы Шыңғыс хан дәуірінен бүгінге жеткен жалғыз мұра екені анық.
Ұлттық спорт • 30 Қыркүйек, 2021
Жақында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында ат үстінде садақ атудан ХVІ Әлем чемпионаты аяқталды.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2021
Ұлттық орталықта пресс-тур өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық орталықтың қорында сақталған ғылыми-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында қоғам қайраткерлері, бас редакторлар және елімізге белгілі БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтіп, оған Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, белгілі қаламгер-журналистер және сала мамандары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Ағылшын басылымы жариялаған қазақ өмірі
Жақында Англияның беделді басылымы Sunday Mirror газетіне моңғолиялық қазақ құсбегілері өмірінен түсірілген фотолар жинағы жарияланып, бүркітшілер жайлы жазба жарық көрді.