Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақтың жалпы тарихы» атты төрт томдық құнды еңбектің онлайн таныстырылымы өтіп, оған шетелдік ғалымдар мен елімізге танымал тарихшы, түркітанушы мамандар қатысты.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2020
Музейлендірілген кітапхана бөлмесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде музейлендірілген кітапхана бөлмесі ашылып, көрме экспозициясына 591 дана сирек кітаптар мен музей қорынан алынған 20-дан астам этнографиялық жәдігерлер қойылды.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «халық ауыз әдебиет үлгілерінің мың жылдық мұрасын жаңғырту аясында, «Дала фольклоры антологиясын» жасау және қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай тағы басқа дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет» деген болатын.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020
Astana IT University ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен «Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы аясында білім беруді жаңғырту және цифрландыру» атты альбомның тұсауы кесілді.
Кино • 03 Желтоқсан, 2020
Өзбекстан Республикасы «Ózbekkino» Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» атты фильмнің түсірілім жұмыстарын бастады.
Руханият • 30 Қараша, 2020
Ежелгі Тараз ескерткіштерімен танысты
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми экспедиция мүшелері Жамбыл облысына арнайы іссапармен барды.
Жеңіл атлетика • 25 Қараша, 2020
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында АҚШ-тың Даллас аймағындағы Бэйлор университетінің стадионында студенттердің кезекті жаттығулары өтіп жатты. Жеңіл атлеттердің бірі алаң жиегінде өз бетінше жаттығып, енді бірі алты жолақты жүгіру жолында бір-бірімен жарысып жүрсе, енді бірі бапкердің нұсқауларын тыңдап тұр. Күнделікті жаттығудағы әдеткі жағдай. Бір кезде ауа райы кілт бұзылып, аспаннан нөсер жауын құйды да кетті. Бәрі оқу ғимараттарының ішіне қарай жүгіріп кірді. Бір кезде бапкер барлық оқушылардың терезеге телміріп қарап тұрғанын байқады. Барып қараса, бір студент ештеңе болмағандай, жауын астында жаттықтырушының берген тапсырмасын орындап, жаттығуын жалғастырып жүр екен. Бұл болашақта аты алты құрлыққа кеткен атақты желаяқ Майкл Джонсон еді.
Таным • 24 Қараша, 2020
Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз.
Таным • 24 Қараша, 2020
Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағындырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лаухалар жаңғыртылуы» атты іс-шара өтті.