Қоғам • 05 Шілде, 2024
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер бұл зат алтын бұйымнан жасалған болса, оны «Алтынқабақ» деп атаған. Айқабақ – көлемі ай пішіндес, сом күмістен құйылған бұйым. Бұл – нағыз жамбы атудың қазақ халқына етене жалпыласқан түрі. Айқабақ ату көп жағдайда аса үлкен жиын, тойларда өткізіледі. Жауынгерлердің мергендігін шыңдайды.
Спорт • 03 Шілде, 2024
8–14 қыркүйекте Астана қаласында өтетін аса ірі спорттық сайыс V Дүниежүзілік көшпелілер ойны. Қазіргі таңда дүбірлі додаға дайындық қызу жүріп жатыр. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы даладағы көшпелілер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да қажетті екені сөзсіз.
Талбесік • 28 Маусым, 2024
Шәулі құстарының ішіндегі әдемісі, ұшқыры, бағалысы осы – тұйғын. Бұның қадірлі болатын себебі: тұқым-түрі кең тарамаған және өте сирек жұмыртқалайды. Қолға сирек түседі. Ұясын адам аяғы жетпейтін жерге жасырып салады.
Талбесік • 27 Маусым, 2024
Лашынның құстың дене бітімі шәулі құстар арасында орташа, басы, көзі, аяқ жаратылысы ителгіге ұқсайды, бірақ сәл кішірек болады. Көбінің түсі қара қоңыр шұбар, тамағы ақ жағал, қанаты ұзын, құйрығы қысқа, көзі қара, кеуде жағы жуан, қаршығадан әнтек үлкен, топшылы келген сұлу құс.
Зерде • 26 Маусым, 2024
Халқымыз ауызекі тілде «Құралайды көзге атқан мерген» деген тіркесті көп айтады. Мысалы, жуықта ғана «Abai TV» телеарнасының жаңа жобасы – «Сөз» атты бағдарламада дәл осы атаудың мәні мен мазмұны хақында айтылды. Олардың пайымынша, «құралай» сөзі «колибри» атты кішкентай құстың атауынан шығуы мүмкін.
Талбесік • 25 Маусым, 2024
Қаршыға – саят һәм шәулі құстарда алымды саналады. Сондай-ақ тұйғын мен тұнжыр осы қаршыға тұқымдастар қатарына жатcа, тек бірыңғай таза қаршыға тұқымы: «ақ тарлан», «қара тарлан», «қызыл қайың», «сарының тегі» деп төрт түрге бөлінеді. Қаршыға дене бітіміне қарай: «ірі», «бұқа», «тана», «шәулі» деп аталады.
Мирас • 21 Маусым, 2024
Ерте заманда қазақ мергендері ат үстінде шауып келе жатып сырық басына іліп қойған жамбыны атып түсіру үшін ат таңдаған. Өйткені мерген мінетін ат толық үйретілген әрі сезімтал, иесінің тақым қысуы мен тізгін қаққан сәтін қалт жібермей аңғаратын ақылды, шабысы өте жайлы, жұмсақ болғаны дұрыс.
Талбесік • 20 Маусым, 2024
Шәулі қырандардың ішінде лашын мен ителгіні үнемі томағалап ұстайды. Бұл қырандарды аң-құсқа салудың қолайлы мезеті: таңның атуы мен күннің көтерілу арасы, кешке қарай күннің еңкеюі мен батуының арасы, дейді кәнігі құсбегілер.
Жәдігер • 17 Маусым, 2024
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІ және І ғасырда еуразиялық кеңестікте ірі көшпелі империя құрған ғұн бабаларымыз адамзат тарихында әскери-әкімшілік басқару құрылымы берік мемлекет орнатқаны шындық.
Мирас • 14 Маусым, 2024
Ежелгі көшпелілер тұрмысында «күзгі қомырған» деген болған екен ертеде. Бұны қазіргі тілмен айтқанда, «қысқа дайындық» десек дұрыс. Яғни көшпелі халық даланың қоңыр аңы: ақбөкен, марал, қарақұйрық, т.б. жануарларды шеңберлі қоршау арқылы аулап, олардың етін сүрлеу арқылы келесі жазда болатын жорық асын әзірлейтін дәстүр болған.