Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
808 материал табылды

Тарих • 02 Маусым, 2020

Зұлматтың зардабы ауыр тиді

Өткен тарихқа көз жіберсек: 1911 жылғы бір құжатта Қазақстанда 5 млн 408 мың халық болды деп жазады. Оның 3 млн 639 мыңы қазақ­тар екен. Осы тұста Қытай мен Моңғолияда 100 мың қазақ өмір сүрген.

Әлем • 01 Маусым, 2020

Қытай COVID-19 вакцинасын сатуға шығарады

Қытайлық биолог мамандар әзірлеп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина осы жылдың аяғы немесе алдағы 2021 жылдың басында әлемдік саудаға шығуы мүмкін деген хабарды «Reuters» ақпарат көзі таратуда.

Коронавирус • 01 Маусым, 2020

Атақты бапкер Маирбек Юсупов коронавирус жұқтырған

Әлемді қауызына сыйдырған көзге көрінбейтін індет коронавирус атақты спортшыларды айналып өтпеді. Атап айтқанда, Олимпиада, әлем чемпиондары А.Садулаев, Ш.Шарифов қатарлы белгілі спортшылар дерт жұқтырып, әупірімдеп жазылып шықты.

Қоғам • 01 Маусым, 2020

12 мың шақырым тоқтамай ұшқан көкек

Арқаны әнімен қырған Біржан сал Қожағұлұлының «Аты жоқ құс болады көкек деген, Алдында терезенің секектеген. Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің, Айырылып сені, сәулем, кетед деген» деп келетін «Көкек» атты ойнақы әні бар.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскер және ғылыми элита, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік университеттердің өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа елдердің сарапшылары қатысты.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

«Тіл-Қазына» орталығы онлайн семинар өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы» атты онлайн семинар өтті.

Тарих • 29 Мамыр, 2020

Ғатаулин қалай халық жауы болды?

Отандық тарихшы Серік Мәшімбаев 2016 жылы жарық көрген «Қосөзен аралығындағы Қазталов  тарихы» атты еңбегінде, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Ежов мұртты көсем Сталиге жазған хатында: «...Барлық қазақ кадрлары коммунистер ұлтшылдықпен уланған, бұлардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деген екен. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілініп, осылардың 22 мыңы атылып кеткені жайлы деректі келтіріпті.

Руханият • 29 Мамыр, 2020

Қобда беті қазақтары: 90 жыл бұрынғы фотосурет

Мына фотосурет осыдан дәл 90 жыл бұрын Моңғол елінің батыс шебі қазақтар шоғыр қоныстанған Қызылқайың (Ұлан-құс) өлкесінде түсірілген екен. Авторы беймәлім. Суретте бес әйел тұр. Жәдігердің  артқы фонына «На память Ташинке Касымовой от Ширетовой» деген жазу оймышталып, «1930 жылы 24 желтоқсан» күні сыйға берілгені таңбаланыпты.  

Қоғам • 29 Мамыр, 2020

Бас келісім жобасы: кәсіподақтар алғаш рет күш біріктіруде

Осы жылдың наурыз айында Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісімнің жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Қоғамдық сараптама жүргізу үшін жоба барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен жергілікті кәсіподақтарға жіберілді.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2020

Қырылмасақ, 40 миллион болар едік

Ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанша  халқымыз не бір азап пен аштықты басынан кешірді. Тағдыр талайына атан түйенің белі қайысатын тауқымет жазыпты. Сөйтіп жүріп, аузына тістеп ұрпағын өсірді, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даласын қорғады. Егер де зұлматқа ұшырап, зардап шекпегенде, бүгін біз 40 миллион халық болған болар едік. Тіліміздің мұртын балта шаппайтын, жан-жағымызға қарап жалтақтамайтын күйге жетер едік.