Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Ұлт тарихының өзегі – шығыстану
Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Ресей Шығыстану ғылымының Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуі. Қазақстандағы шығыстанудың дамуы» атты дөңгелек үстел өтіп, оған белгілі ғалымдар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Шығыстану кафедрасының оқытушылары мен Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша ізденіп жүрген докторант, магистранттар қатысты.
Тарих • 02 Наурыз, 2020
Өткен апта соңында елорда төрінде орналасқан Ұлттық архив ғимаратында Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Сарайшық – Ұлы дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов және Парламент Мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал ғалымдар қатысты.
Таным • 25 Ақпан, 2020
Түркі мұрасын түгендеген еңбек
Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдастырылған «Тарихи құндылықтар және Қазақ мемлекеттілігі» атты семинар аясында түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының үш томдық «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» және «Записки казахского тюрколога» атты туындыларының тұсауы кесілді.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Қазақ құсбегілері саят-сонар-салбурынға арнайы жаттыққан ат мініп шығады. Бұл ат ауызекі тілде «Бүркіт аты» немесе «Саят аты» деп аталған. Мұндай жылқы мініп-түскенде, сондай-ақ құс қанатын жайып қозғалғанда үрікпейтін, үстіндегі құстың қимыл-әрекеті мен мінез-құлқын жатырқамайтын болғаны дұрыс. Саятшылыққа кез келген жылқы жарамайды. Арнайы ат таңдап алып үйретеді.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының құнарлылығын және халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны басқарған Федор Андреевич Щербин өзінің «Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында қазақтардың 12 түрлі жақсы сипатын атап көрсетіпті. Соның ішінде «мұндай бауырмал халық әлемде некен-саяқ кездеседі» деген анықтама бар.
Таным • 20 Ақпан, 2020
Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиеті. Атамыз қазақ «Аманат– молшылық әкеледі, қиянат– кедейлік әкеледі» деген. Яғни, аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады. Аманаттың түрі көп. Ең үлкен аманат адамның – жаны. Бұрынғы абыз-жырау аталарымыз: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келген кезде қайтарамын» деп бекер айтпаса керек.
Руханият • 18 Ақпан, 2020
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы мен Қ.Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығы бірлесіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өткізді.
Руханият • 17 Ақпан, 2020
Маршал Титоның орындауындағы «Қараторғай»
1967 жылы Мәскеу қаласында Қазан төңкерісінің 50 жылдығы айрықша атап өтіледі. Саяси мәні басым тойға сол кездегі социалистік лагерь елдерінің басшылары, сырт мемлекеттердегі коммунисттік партияның жетекшілері бірі қалмай шақырылғаны анық. Осы тойға құрметті қонақ ретінде Моңғолия елінің басшысы, маршал Юмжагийн Цеденбал да қатысады. Бұл адамның әйелі Анастасия Ивановна орыс ұлтынан, әрі өзі де Кеңес елінде білім алғандықтан орыс тілін еркін меңгерген жайы бар.
Тарих • 12 Ақпан, 2020
Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді. Мәшекеңнің айтуынша, ең алғашқы қажы уақ Нүркен деген адам екен. Екінші рет 1858-ші қой жылы күлік Самай сопы мен ноғай Байжан хазірет қажылыққа барып, сол жақта өлген. Осы сөзді жазып отырған Мәшһүр Жүсіп мен дәл сол жылы туыппын (1858), қазір 70 жастамын, дейді. Ал үшінші рет 1874 жылы тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай, атбасарлық Егізек, Жанайдар, құлан қыпшақ Шонтыбай бастаған Орта жүзден 20, Кіші жүзден Досжан халфе, Нұрпейіс хазірет бастаған 100 адам барды, дейді. Бұл қазақтың ескі есебі бойынша қаракиік жылы екен.
Руханият • 07 Ақпан, 2020
Дәл қазір сексеннің сеңгіріне болат тұяғын тіреп тоқтаған, ұлтшыл жазушы Мұхтар Мағауин ертеректегі бір сұхбатында: «Көшеде келе жатып қарсы ұшырасқан қазақтардың жүзіне қарап-ақ олардың тұла бойындағы ұлттық бояуы мен ана тілін қаншалықты білетінін бірден байқаймын» деген екен. Бұл рухани ой-өрісі кемелдеген тұлғаның бәріне тән құбылыс. Мұны қазақша – сұңғылалық десе, ғылым тілінде – энтелехия деп атайды.