Әлем • 28 Наурыз, 2020
Коронавируспен күресте қытайлар қандай қателік жіберді?
Бұндай дертпен әлем қауымдастығы бұдан бұрын бетпе-бет келмегендіктен қателік кетпей қоймайды. Дүниежүзі сарапшыларының пайымдауынша, дерт ошағы шыққан Қытай елінде баспасөз цензурасы болмағанда әлем әлдеқашан құлақтанар еді дейді. Осы себепті жұқпалы аурудың алдын алу шарасы кешікті.
Таным • 28 Наурыз, 2020
Жүйрік сыны: Күңгейбай Тышабайұлының үлгісі
Күңгейбай Тышабайұлы шамамен 1898 жылдары Шыңжаң-Алтай өлкесі Күңгейті деген жерде туған адам. Кейінгі өмірі Қобда бетінде (Моңғолия), Қобданқол ауылында өткен. Атақты жортуылшы, ат сыншысы, атбегі Күкең 1986 жылы дүниеден өтті. Марқұмның артында не бір аңыз-әңгіме қалды.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
Гарвард ғалымдары: Коронавирус 16-18 айға жалғасуы мүмкін
«Қазіргі таңда әлемнің 201 мемлекетіне тарап үлгерген коронавирус дертінің екінші толқыны жүріп жатыр» дейді ДДСҰ. Яғни, наурыздың 26 күнгі мәлімет бойынша әлемде бұл вирусты 465 915 адам жұқтырса, оның 21 031-і бақилық болыпты. Соңғы екі күнде жаңадан 100 мың ауру тіркелген екен.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
Коронавирустың әсерінен озон қабатындағы жыртық жамалуда
Ғарыштық зерттеулер озон қабатының жыртығы жамала бастаған жайлы хабар таратауда. Халықаралық ғылыми журнал «Nature» басылымының жазуына қарағанда, бұл жағдайға коронавирустың таралуы әскер еткен.
Таным • 27 Наурыз, 2020
Аманат арқалаған «фашист» немесе Қараторғай әні
Өткен ғасырдың 80-жылдары. Құмдағы ауылда сабан-топырақты илеп соққан бір қабат сегіз жылдық орта мектепте оқимын. Мамыр айы туған соң мектепте қызу мереке басталады. Әуелі, 1-мамыр Бейбітшілік күнін атап өтеміз. Одан кейін 9-мамыр – Жеңіс күні жетеді желпініп. Ауылда соғысқа қатысқан бар-жоғы 7-8 ақсақал болушы еді, біз оқып жүргенде 3-уі тірі-тін. Бір қызығы осы үш ардагердің бірі Жанғали атамыз «Жеңіс күні» мерекесіне бірде қатысып, бірде қатыспай шеттеп қалып жүреді. Неге олай?
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Әлемде 378 492 адам коронавирус жұқтырған
Дүние жүзінде орта есеппен бір күнде 41003 адамынан коронавирустың белгісі анықталып жатыр. Қазіргі таңда бұл сан 378 492-ге жетті. Бұған дейін ажал құшқандары саны – 16495. Әлемде 101 608 адам бұл дерттен айықса, оның 72 703-і Қытай елінің үлесінде екен.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың маусым айы болатын. Астаналық басылым - «Ақшам» газетінде қатардағы қызметкер едік. Төтеден тапсырма түсті. Облыстық өлкетану және тарих музейінде армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен кездесу өтеді екен. Ұмытпасам, шараны ұйымдастырушы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Оразкүл Асанғазы.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Коронавирус туралы Билл Гейтстің пайымы
АҚШ-тың атақты бизнесмені Билл Гейтс коронавирус қасіреті жайлы өз пайымын білдіріпті. Оның хатын Наоми Кэмпбелл өзінің Instagram желісінде жариялапты. Бизнесменнің айтуына қарағанда, жамандықтың артында жақсылық жасырынып тұрады. Бұл - ақиқат. Ендеше, тыңдаңыздар!
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Байөлкеліктердің майданға көмегі
ІІ дүниежүзілік соғыс басталған сәтте Моңғол Халық Республикасының Мемлекеттік Кіші Құрылтайы кезектен тыс сессиясын шақырып, фашистермен шайқасып жатқан Қызыл Армияға қаржылай һәм мүліктік көмек көрсету туралы шешім қабылдап, халық арасында «Екінші дүниежүзілік соғысқа көмек» акциясын бастайды. Оған малшы араттар қолындағы жылқысын, сандығындағы алтын-күмісін, қой терісінен жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін ұсынады.
Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
Коронавирус жұқтырған жұлдыздар не дейді
Соңғы мәліметке қарағанда Covid-19 дерті әлемнің 196 еліне тарап үлгеріпті. Шамамен 410 мың адам зардап шегуде көрінеді. Бір таңданарлық жағдай – бұл вирус адам таңдамайды. Тіпті әлем жұртты жақсы танитын, атағынан ат үркетін, денсаулығында иненің көзіндей кінарат жоқ жұлдыздардың өзі, нақтырақ айтқанда, белді баткетболшы, атақты аяқдопшылар дерт жұқтырып, емделіп жатыр.