Руханият • 02 Сәуір, 2020
Көкала қойдың жамбасы (этнографиялық әңгіме)
Алтайдың теріскейі Қобда бетіндегі аз қазақтың ата қонысы қайсы еді дегенде Текелі жайлауының текшесі мен Көксерке тұйығына мөлдіреп біте қалған көгілдір көл еске келеді. Ал бұл жаққа киіз туырлықты көшпелі қазақтың қоныс аудару тарихына үңілсек, сонау 1930 жылдардағы алапат кезеңге тірелеміз. Оған дейін Өр Алтайдың Көктоғай, Бурылтоғай жерлерін мекендеп тұрған (бұл енді жеке әңгіме). Сол Көксерке, Текелі жондарының ақбас шыңдары мен ақсамайлы доңғылдарында ізі, жұрттарында атының түгі қалған аталарымыздың бірі - Тәкібай Сайырбайұлы. Ол - ауылына ғана емес, аймағына сыйлы кісі екен. Айналасына бет-беделі бар, ақылгөй адам болған. Сол кісінің алабөтен малсақтығы, адам сенгісіз қырағылығы туралы мына бір оқиғаны кейініректе көзін көрген ақсақалдардан естіп едік.
Таным • 01 Сәуір, 2020
Қиындықтан құтылудың жолы – жақсылық жаю
Өмір болған соң жақсылық пен жамандық, қиындық пен қызық болмай тұрмайды. «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» деп Абай атамыз айтқандай, пенде баласы біз алда болатын тағдыр-талайымызды болжай алмаймыз. Ислам шариғатында, Жаратушы өз пендесін қиындық һәм дүние-байлық арқылы сынайды дейтін ашық аят бар. Сондықтан иманы кәміл мұсылман тәңірден «бізге көтере алмайтын сынық бере көр ме» деп тілеген.
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Егерде сіз Ресей Федерациясының Таулы Алтай өлкесіне жолыңыз түсіп жатса, көңіл сергітер көптеген қуанышқа кенелеріңіз хақ. Басқасын айтпағанда, ақ самырсын көмкерген сәнді жағажайлар, тас бұлағы таудан құлап аққан қырқа-қырат. Сонымен қатар, биыл 75 жыл толып отырған Жеңіс мерекесіне орай Барнаул мен Бийск арасын жалғап жатқан құла айғырдың сауырындай биік сарыжонға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған адамдар туралы баннер тұрғызылған. Қасқа жолдың қос жиегіне жағалай орналасқан зәулім тақтада айпарадай айғайлап қос қазақтың есім-сойы тұр. Бірі – Қадыран Туғанбаев, екіншісі – Жәнібек Елеуісов.
Таным • 31 Наурыз, 2020
Қан майданда аңыз болған Қарагер
Жылқы жайлы жазып жүргендіктен, ұнамды дүние көзге шалынса, оны көңілге түйіп көпшіліктің алқауына ұсынатын әдетіміз бар. Жуықта ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерінің ауызынан жазып алған Федоссевич дегеннің естелігін оқыдым. Онда қазақ жылқысы жайлы жақсы мәлімет айтылыпты.
Коронавирус • 31 Наурыз, 2020
Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина жасады
«Ресей ғалымдары COVID-19 вирустан сенімді қорғайтын үш түрлі вакцина жасады» деп хабарлады «Стопкоронавирус.рф» сайты.
Әлем • 31 Наурыз, 2020
Нидерланд елі Қытайдан алған маскаларды қайтарды
Жақында Нидерланд елі Қытайдан импорт арқылы 600 мың маска сатып алған еді. Осы маскаларды жаман қыздай келген «төркініне» түбегейлі қайтарып жатыр.
Әлем • 30 Наурыз, 2020
Пандемия жүз жыл сайын қайталанып отырған
Қазіргі таңда әлем елдерін әбігерге түсірген пандемия атам қазақтың «50 жылда ел жаңа, 100 жылда қазан жаңа» дейтін тәмсілінде айтылатын өлшем сияқты әрбір 100 жыл сайын қайталанып отырыпты.
Руханият • 29 Наурыз, 2020
Ұлттық танымның өзегі – тарихи сана
Жеке тұлға өткені мен өмір сүріп отырған қоғамындағы болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беріп, оң-терісін пайымдау үшін оның озық тарихи санасы болуы қажет. Ғалым-оқымыстылар «тарихи сана» дегенді – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың тарихын сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын, өткен өмір жолын танып-білуі, сол арқылы патриоттық сана-сезімінің оянуы деп түсіндіреді.
Коронавирус • 29 Наурыз, 2020
ДДСҰ: Әлем коронавирустан қорғануды шығыстан үйренсін
Дәл қазір әлем елдері коронавирустан қорғану үшін жанталасып жатыр. Әрине, оның ішінде біз де бармыз. Әлем халықтары бұл дерттен қорғанудың жолдарын қарастыруда. Соның ішінде ДДСҰ тарапынан шығыс елдерінің қорғану тәсіліне оң баға берілуде.