Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
792 материал табылды

Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Қазақтың «хайлайлымы»

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары... айтыс лап етіп тұтанды да, жарқ етіп жанып шыққан ақындар шықты. Кеңес кезінде тоқырап қалған бұл өнер тәуелсіздік жылдары төскейден сарқырап аққан бұлақтай тулады. Мәнері бөлек, сарыны тосын, келбеті ерек ақындар туды. Соның бірі, халық арасында «хайлайлым» атанып кеткен жетісулық Айтақын Бұлғақов.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2020

Аға мен іні

1980-жылдардың ортасында «Комсо­мольская правда» газеті Мәскеу тұрғы­ны, Жуковский атындағы әуе-әскери академиясының түлегі, тех­ника ғы­лым­дарының докторы, профессор, полковник Раунақ Есен­берлинге өз өміріне әсер еткен тұлға жайлы ес­телік жазып беру­ді өтініпті. Раунақ көкеміз әрі-бері ойланып «Мен үшін ерекше адам» деген тақырыппен жалғыз ағасы, тау тұлғалы жазушы Ілияс Есенберлин жайлы қалам тартқан екен.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Гендік модификация қатері

Қазіргі таңда адамзатты алаң­датып отырған дүние азық-түлік өнім­­дерінің гендік модификацияға ұшы­­рауы. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен лаборатория жағ­дайында өндірілген, қазақша айт­қанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды ор­ганизмнің ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойыл­ған. Бұл тәжірибе қазір Қытай эко­номи­касының да жетістігі саналуда.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2020

Будан өнімнің зияны

Қазіргі таңда адамзатты алаң­датып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Бұл дегенміз – табиғи емес жасанды жолмен лаборатория жағдайында өндірілген, қазақша айтқанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды орга­низмнің ДНК-сін қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жол­ға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қы­тай экономикасының да «жетістігі» саналуда.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2020

Жорғаның бабы, сыны және түрі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, біздің бабаларымыз жылқыны қолға үйрету арқылы өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды деген еді. Расында көшпенділер үшін жылқы мәдениеті – тұрмыс-салтымен түгелдей тұтасқан һәм ұзақ уақыт эволюциялық жолмен дамыған кемел құбылыс. Соның бірі – қазақ үшін сән-салтанаттың символына баланған жорға жылқы жайлы халқымыздың жадында сақталған этномәдени құндылыққа тоқталсақ...

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2019

Жылқыға төнген зауал

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала­сында: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деген пайым айтады. Расында, қазақ халқы үшін жылқы түлігінің тарихи-әлеуметтік маңы­зы өте зор. Атақты ақын Ілияс Жансүгіров айтқандай:

18 Желтоқсан, 2019

Желтоқсаншы

Желтоқсан оқиғасына қатысты фотосуреттердiң iшiнде көпшiлiкке жақсы таныс бiр бейне бар. Екі солдат жас жiгiттiң қос қолын артына қайырып, бұйра шашынан қапсыра уыстап, желкелеп әкетiп барады...

18 Желтоқсан, 2019

Қаламгердің қайсар қызы

Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл) кезінде еңгезердей үш сақшының қоршауында, кәнігі аңшының қолына түскен еліктің лағындай үрке-қорқып, лекіте басып бара жатқан осы қазақ қызының фотосы көпке аян. Бұл адамды қазір елдің көбі таниды. Алматы қаласының тұрғыны – Анар Төлегенқызы Рахымжанова.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

«Еңбекші қазақтың» 1000-шы саны

«Еңбекшіл қазақ» газеті 1925 жылдың 7 қарашасынан бастап «Еңбекші қазақ» деген жаңа атпен шыға бастағаны көпшілікке мәлім. Арада дәл екі жыл өткенде, яғни 1927 жылы 7 қараша күні газеттің 1000-шы саны (№ 272) жарық көріпті.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

«Еңбекші қазақ» басқармасы

Мына фото «Еңбекші қазақ» газетінің 1927 жылғы 27 қараша күнгі №272 санында жарияланған екен. Суреттің үстіңгі жағына төте жазу үлгісімен «Еңбекші қазақ» басқармасы» деп тақырып қойылған. Демек бұл фото осы тұста басылымда қызмет атқарып жүрген ұжым мүшелері болғаны. Барлығы – 14 адам.