Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1436 материал табылды

Парламент • 19 Қараша, 2020

Жолдауды іске асыруға бағытталған заң жобалары

Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жал­пы отырысы өтті. Онда Мәжіліс бірқатар заң жобасын талқылады. Бірінші оқы­лымда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­дауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобаларын мақұлдады.

Әлем • 19 Қараша, 2020

Еуропалық одақтың бюджеті бекітілген жоқ

Еуропалық одақтың алдағы жеті жылға арналған 1,82 триллион еуро тұратын бюджеті бекітілген жоқ. Құжатқа Венгрия мен Польша вето қойды. Жоспар бойынша, қаражат коронавирус індетінен кейінгі кезеңде экономиканы құтқаруға және 2021-2027 жылдарға арналған-ды.

Саясат • 19 Қараша, 2020

Сайлауалды бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр?

Кеше Мәжіліс Спикері, палатадағы Nur Otan партиясының фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды.

Таным • 18 Қараша, 2020

«Ерте ұйықтайтын ел»

Ұлыбритания ауқатты елдің бірі саналады. Тұманды Альбион ішкі жалпы өнім көлемі бойынша әлемде бесінші орында тұр. Тауар сатып алуға қабілеті жөнінен де ағылшындар топ басында. Қысқасы, әлеуметтік тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген. Әрине, мұның экономикалық себептері көп. Бірақ ең бастысы, халықтың өмір салтына, атап айтқанда, ұйықтау мәдениетіне тікелей қатысты.

Әлем • 17 Қараша, 2020

Еуропада коронавирус өршіп тұр

Италияда тәу­лігіне корона­вирус инфекция­сын жұқтырғандардың саны 41 мыңға артты. COVID-19-бен ауырған 550 науқас қайтыс болды. Кампания және Тоскана облыстары «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді.

Әлем • 17 Қараша, 2020

Мысырда 100-ден астам саркофаг табылды

Мысырда өте құнды жәдігерлер табылды. Олар­­дың қатарында екі жа­рым мың жылдан ас­там уақыт сақталған жүзден астам сарко­фаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін бар.

Сұхбат • 17 Қараша, 2020

БҰҰ Даму бағдарламасы үшін ұлттық даму басымдықтары маңызды

Қазіргі кезде Қазақстанның бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Әсіресе «тоғызыншы территорияның» ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен негізгі құндылықтармен үйлесім тауып, әлемдік аренадағы абыройын биіктете түсті. Биыл коронавирус пандемиясы шартараптағы ахуалды өзгерткені белгілі. Осы орайда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Беришпен сұхбаттасып, іргелі ұйымның атқарып жатқан қызметі, індетпен күрестегі еліміздің әрекеті төңірегінде әңгіме қозғаған едік.

Әлем • 16 Қараша, 2020

Интернет компанияларды «ауыздықтамақ»

Қытай үкіметі таяуда интернет компанияларды бақылауға арналған жаңа заң жобасын жариялады. Билік өкілдерінің айтуынша, аталған құжат алпауыт IT-платформаларының монополиясына жол бермеуге бағытталған. Бірақ сарапшылар бұл қадам компанияларды қатаң бақылауда ұстаудың бір амалы екенін айтып отыр.

Руханият • 13 Қараша, 2020

Кенжесінің тойын күтіп жүрген еді...

Ерлік – әркімнің бойына ұя сала бермейтін қасиет. Қас-қағым сәтте жүрегінің әміріне жүгініп, өзгелер үшін басын бәйгеге тігетін, парызы мен қарызын адал атқаратын нағыз азаматтар ғана тәуекелге бара алады. Халық қаһарманы, капитан Ғазиз Байтасов осындай азамат еді. Ол бейбіт халықты террористен қорғап қалу үшін тура келген ажалды қаймықпай қарсы алды.

Парламент • 13 Қараша, 2020

Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Салық кодексіне түзетулер енгізілді. Заң салық саясатын жетілдіру, бизнес жүргізу тәртібін жеңілдету және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелерін қарастырады. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар құжатты Мәжіліске кері қайтарды.