Қазақстан • 08 Тамыз, 2022
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазір әлеуметтік желіні аша қалсаңыз, онлайн-петицияға қол қойыңыз деген жазбалардан көз сүрінеді. Әйтеуір, қоғамды шулатқан оқиғаларға қатысты осындай электронды өтініштердің саны басым. Әрине, дамыған демократиялық қоғам құруда онлайн-петиция да үлес қосатыны белгілі. Бірақ қаптаған петициядан қайран бар ма? Бұл туралы сарапшылар не дейді?
Саясат • 08 Тамыз, 2022
Азаматтардың мүдделерін қорғау қажет
Amanat Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен жиын өткізді. Жиынды ашқан ол бүгінде еліміз бойынша аманаттықтар азаматтардың мүдделерін қорғауға қатысты жұмысқа баса назар аударуы керек екенін атап өтті.
Саясат • 08 Тамыз, 2022
Аудан әкімдерін сайлау: Ашық қоғам құруға айқын қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Осы саяси реформа аясында былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Бір жыл ішінде «тоғызыншы территорияның» көптеген елді мекенінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметіне кірісті. Алдағы уақытта бұл демократиялық үрдіс қисынды жалғасын таппақ. Ендігі қадам – аудан әкімдерін сайлау болмақ. Ол Президенттің былтырғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес пилоттық жүйеде 2024 жылы басталуға тиіс.
Әлем • 07 Тамыз, 2022
Әзербайжанның Таулы Қарабақ аймағында жағдай тұрақталмай тұр. Өткен аптада тараптар арасында тағы да қақтығыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа сүйенсек, шиеленіс салдарынан кемінде үш сарбаз қаза тапқан. Халықаралық қоғамдастық мәселені ушықтырмауды сұрап отыр.
Әлем • 04 Тамыз, 2022
Мұнай бағасы тағы да әлемді әбігерге салды. Бұл жолы «қара алтынның» құны барреліне 100 долларға жеткен. Соның салдарынан шартараптың түкпір-түкпірінде жанармайдың бағасы көтеріліп, тауар бағасы қымбаттай бастады. Бір қызығы, мұнайдың қымбаттауы экспорттаушы елдер үшін тиімді болғанымен, қарапайым халықтың қалтасына түсіп тұр. Оның үстіне, кейінгі кездегі геосаяси жағдай да «қара алтын» туралы пікірді өзгертуге тура келетінін аңғартады.
Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші, заманауи тілмен айтқанда, драйвері – жастар. Олардың ұстанымы, көзқарасы елдің ертеңі, бағдар алған бағыты екені түсінікті. Осы орайда тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастардың құндылықтары қандай? Олар үшін не маңызды? Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп жырлап кетті. Ал бүгінгі жастар неге немесе кімге сенеді?
Әлем • 03 Тамыз, 2022
Тайвань тағдыры тағы да талқыға түсті
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барды. Бұл сапарға бүкіл әлем көз тіккені белгілі. Нэнси ханым алақандай аралға ат басын бұрады дегеннен бастап ұшақ Тайбейдегі әуежайға қонғанға дейін бұл оқиғаға алаңдағандар жетерлік. Бұл түсінікті де. Өйткені Қытай тарапы Өкілдер палатасы спикерінің сапары елдің тұтастығына нұқсан келтіретінін айтып, қажет жағдайда қару қолдануы мүмкін екенін ескерткен.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Мұнай өнімдерін ұрлағандар азаяр емес
Жыл сайын елімізде жанар-жағармай тапшылығы туындайтыны белгілі. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, кей пысықайлар ішкі нарыққа арналған мұнай өнімдерін заңсыз жолмен шетелге жөнелтеді екен. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалған.
Саясат • 01 Тамыз, 2022
Amanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарымен азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар бағасының қымбаттау мәселесіне қатысты кеңес өткізді.
Саясат • 31 Шілде, 2022
Ташкентте Өзбекстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация қатысты.