Үкімет • 02 Қараша, 2023
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыс Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіз еске алу рәсімімен басталды.
Президент • 02 Қараша, 2023
Еуропа одағындағы стратегиялық серіктес ел
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізді. «Ақорда» резиденциясында елімізге ат басын бұрған Франция Президенті Э.Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Саясат • 31 Қазан, 2023
Қарашаның алғашқы аптасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды кездесу өткізбек. Астанаға Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен келеді. Сондай-ақ Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан да Сарыарқа төріне ат басын бұрмақ. Айта кетерлігі, Э.Макрон тұңғыш рет қазақ даласына қадам басайын деп отыр. Осы орайда, Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа аз-кем тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Басылым • 30 Қазан, 2023
БАСҚА БАСЫЛЫМДАРДАН: Апаттан кейінгі Аза тұту күні
Қазақстанда «АрселорМиттал» шахтасындағы өрт салдарынан 45 адам қаза тапқан соң, жексенбі күні ұлттық аза тұтылды. Бұл – Орталық Азиядағы елдің тарихындағы ең ауыр апат.
Елорда • 30 Қазан, 2023
Астанада 3 қараша күні түгел түркінің басын құраған іргелі жиын өтеді. Түркі мемлекеттері ұйымының мерекелік оныншы саммитіне мүше мемлекеттер мен бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшылары қатысады. Сонау 2009 жылы Түркі кеңесі ретінде құрылған ұйым бүгінде келелі пікірлер айтылып, маңызды келісімдер жасалатын алаңға айналып үлгерді.
Сенат • 30 Қазан, 2023
Сенатта «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелері» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Қазақстан • 27 Қазан, 2023
Егемендік алған елең-алаң тұста еліміз көптеген тағдыршешті шешім қабылдады. Тәуелсіздік жөніндегі заң, Семей полигонын жабу секілді халықаралық аренада жоғары бағаланған жетістіктер жетерлік. Соның ішінде сыртқы саясаттағы қол жеткізген табыстарымыз бір төбе.
Қаржы • 25 Қазан, 2023
Елімізде 8,4 млн адам қарызға батқан
Кейінгі үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесін алғандар саны артқан. Қазіргі таңда 8,4 млн халықтың мойнында 18 трлн теңге қарыз бар. Соның ішінде шағын микроқаржы ұйымдарынан 197 млрд теңге онлайн-қарыз рәсімделген. Мұны азайтуға 2019 жылғы кредитті кешіру науқаны көмектескен жоқ. Осы орайда, өткен жұмада халықтың шамадан тыс кредит алуы мен қаржылық сауаты мәселесі Парламент мінберінде көтерілген еді.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Үкімет • 24 Қазан, 2023
Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні қарсаңында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды тапсырды.