Үкімет • 23 Қазан, 2023
Қаржылық сауатты арттыру қажет
Мәжілісте халықтың шамадан тыс несие алу және қаржылық сауатын арттыру мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өтті. Тақырып бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, жауапты салалардың басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Форум • 20 Қазан, 2023
Салмақты ойлар мен сындарлы пікірлер алаңы
«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты азаматтық форумның екінші күні пленарлық отырыспен басталды. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі оқылды. Іс-шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
Форум • 19 Қазан, 2023
Орнықты даму және азаматтық қоғам
Елордада «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты азаматтық форумы жұмысын бастады. Жиынға еліміздің әр аймағынан 600-ге жуық делегат келді.
Үкімет • 19 Қазан, 2023
Есепсіз несие алатындар азаяды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Салық кодексіне енгізілетін түзетулер бірінші оқылымда қабылданды. Сондай-ақ Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдерге қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге келісімін берді.
Тарих • 19 Қазан, 2023
Депутат мәртебесі қалай талқыланды?
Сарғайған газет беттеріне үңілсек, Егемендік туралы декларация қабылданар тұста Жоғарғы кеңестің жұмысы қауырт болғанын байқаймыз. Мәселен, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 20 қазандағы нөміріндегі мақалада депутаттардың мәртебесіне қатысты мәселе талқыланған.
Саясат • 18 Қазан, 2023
Астанада Үндістан мен Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері мен Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші кездесуі өтті. Жиынға еліміз атынан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Қоғам • 16 Қазан, 2023
Жас буынның еларалық байланысы
Өзбекстанның тарихтан сыр шертетін Самарқанд қаласында 2023 жылғы 12 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Кездесуді Самарқанд облысы әкімдігінің қолдауымен Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрлігі, Жастар ісі жөніндегі агенттігі және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Спорт • 16 Қазан, 2023
Егемен ел болғалы жоғалтқанымызды іздеп тауып, ұмытуға шақ қалған ұлттық ойындарымыз қайта жаңғырды. Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы ұлттық ойынның 300-дей түрі болғанын жазса, қазір оның 20-дан астамы ғана халық жадында сақталған. Осыдан-ақ оларды ұлықтаудың қажет екені айтпаса да түсінікті. Ауыл-аймақтарда, республика көлемінде жарыстар өткізіліп келеді. Тіпті халықаралық деңгейде де дүбірлі додаларда спортшыларымыз сынға түсіп жатыр. Дегенмен де кейбір өңірлерде ұлттық спорттың насихаты кем болып тұр.
Саясат • 16 Қазан, 2023
БҰҰ қолдаған Қазақстан бастамасы
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан ұсынған бастама қолдау тапты. Орталық Азия елдерінің атынан алғаш болып бастама көтерген еліміз «Әрбір балаға бейбітшілік пен толеранттылық үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету» туралы қарарды күн тәртібіне қойған еді.
Пікір • 15 Қазан, 2023
Елорда төрінде Digital Bridge 2023 халықаралық форумы өтті. Ілкімді іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысты. Жиынның ауқымын содан-ақ бағамдауға болады. Форумға шартараптың 30 елінен 300-ге жуық компанияның өкілдері ат басын бұрыпты. Алайда Астанада дүркіретіп жиын өткізгенмен, ақпараттық технология саласындағы кемшілік бастан асады.