Әлем • 28 Тамыз, 2023
Өткен аптаның аяғында бүкіл әлем назары Ресейге ауды. Аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбі күні Твер облысында «Вагнер» жеке әсери жасағының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырағанын жарыса жазды. Бортта 7 жолаушы, 3 экипаж мүшесі болған.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2023
Былтырғы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынған-ды. Жалпыхалықтық референдум 5 маусымда өтіп, еліміз үшін тағдыршешті кезеңге айналды. Референдумға халықтың 68,05 пайызы қатысып, 77,18 пайызы Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Сөйтіп, Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілді.
Саясат • 31 Шілде, 2023
БҰҰ қарары: Өшпенділік әрекеттері айыпталады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогті дамытуға және өшпенділікпен күресуге бағытталған Қарар қабылдады. Қазақстан аталған құжаттың тең авторы атанды.
Әлем • 28 Шілде, 2023
Гана өлім жазасынан бас тартты
Гана парламенті сейсенбі күні елдің Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, өлім жазасынан бас тартты. Осылайша, аталған мемлекет Африкадағы мұндай қадамға барған 29-шы ел атанып отыр.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Кейінгі кезде саясаттанушылар діни алауыздықты қоздырып, Құран өртеп жүрген есерсоқтарды қандай топқа жатқызуды білмей дал болып отыр. Мәселен, соңғы он күнде Солтүстік Еуропаның әсіреоңшылдары үш мәрте Қасиетті кітапты отқа жаққан. Әлбетте бұл оқиға Ислам дінін ұстанатын мемлекеттердің наразылығын туғызды.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Трансшекаралық өзендер мәселесі
Жаздың аптап ыстығында диқандар егін суарудан қиыншылық көреді. Елімізде бірнеше ірі өзен бассейні болғанымен, қажет кезінде «тіршілік нәрі» сыздықтап ағып, ауыл шаруашылығымен айналысатындарды әбігерге салады.
Экология • 21 Шілде, 2023
«Жасыл энергетика» шартына әзір
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парсы шығанағы елдерінің ірі энергетикалық компанияларымен, әсіресе жасыл энергетика саласында тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Жиддада Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі (GCC) мен Орталық Азия елдерінің саммиті барысында айтты.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Астық келісімінің тар жол, тайғақ кешуі
Өткен аптада Ресей ресми түрде Қара теңіздегі астық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Осыдан кейін іле-шала әлемдік нарықтағы бидай бағасы бірден жоғарылап шыға келді. Қазақстан – әлемдегі астық экспортқа шығару жөнінен үздік ондыққа кіреді. Кремль билігінің бұл қадамы біздің елге қалай әсер етпек?
Экономика • 18 Шілде, 2023
Кезінде дастарқан басында шай ішіп, әңгіме соғып отырғанда еліміздің қазба байлығы мол екенін айтып, арабтардай бақуатты ғұмыр кешуіміз керек дейтін едік. Сөйтсек, шынында арабтардың деңгейге жетіп қалғанымызды байқамаппыз. Бұл үшін, әрине, «қара қазан, сары баланың қамын жеген» атқарушы билікке мың алғыс айтамыз.
Әлем • 17 Шілде, 2023
Өткен аптада Литва астанасы Вильнюсте НАТО-ның кезектен тыс саммиті өтті. Халықаралық қоғамдастық та, әлемдік сарапшылар да, Украина тарапы да Трансатлант одағының жиынын асыға күткен. Алайда оның қорытындысы көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Әсіресе Украина президенті Володимир Зеленскийдің қапа болғаны анық.