Футбол • 16 Маусым, 2021
EURO-2020: Ресей турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Еуро-2020 турнирінің екінші турында Ресей құрамасы Финляндияны жеңіп, байрақты додадағы алғашқы үш ұпайын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Маусым, 2021
Коронавирус зертханадан «қашып шыққан» ба?
Адамзатты әбігерге салып, шартараптың түкпір-түкпіріне жайылған коронавирус індетінің қалай пайда болғаны туралы пікірталас қайта қызды. Бастапқыда ғалымдар Covid-19 қолдан жасалмағанын бірауыздан мәлімдеген. Бірақ кейінгі кезде бұған күдік келтіретіндердің қарасы көбейіп келеді. Әсіресе, вирус Уханьдағы биологиялық зертханадан «қашып шығуы» мүмкін екені жиі айтыла бастады.
Әлем • 14 Маусым, 2021
Әлемдегі ең бай адамның бірі – Джеф Безоспен бірге ғарышқа ұшуға арналған бір орын өткен сенбіде 28 миллион долларға сатылды. Онлайн түрде өткен аукцион ашылғаннан кейін 4 минуттың ішінде ұсыныстар саны 20 миллионнан асып кетті.
Үкімет • 14 Маусым, 2021
Агроөнеркәсіптегі ілгерілеу мен іркілістер
Сенат вице-спикері Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» тақырыбына арналған «Үкімет сағаты» өтті.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Әлемнің түкпір-түкпірінде құрғақшылық белең алып, көптеген су қойма тартылып, ауыл шаруашылығына орасан зиян келіп отыр. Мұның басты себебі – климаттың өзгеруі. Ғалымдардың пайымдауынша, жаһандық жылыну осы қарқынмен жалғаса берсе, ғасыр соңында тамақ тапшылығы туындауы мүмкін.
Парламент • 11 Маусым, 2021
Сенаторлар дайындаған заң жобасы мұқтаж жандарға қолдауды күшейтеді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар бірқатар маңызды заң жобасын талқылады.
Әлем • 09 Маусым, 2021
Fastly интернетті әбігерге түсірді
Сейсенбі күні жер-жаһанға танымал көптеген сайт бір сәтте ашылмай қалды. Олардың қатарында Ақ үй сайты мен gov.uk секілді танымал сайттар да бар. Ақ үйден бастап, Даунинг стритке дейінгі мемлекеттік мекемелерді дүр сілкінткен оқиғаның туындауына кінәлі – Fastly Inc компаниясы.
Әлем • 08 Маусым, 2021
СТЭНФОРД. Джо Байден АҚШ президенті ретінде Еуропаға алғашқы сапарына аттанбақ. Англиядағы G7 саммитінен кейін ол Бельгиядағы НАТО саммитіне, содан кейін Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуге қатысады. Бірақ Еуропада жергілікті мәселелер талқыланғанымен, сайып келгенде, Қытайға баса назар аударылады. Өйткені Байденнің стратегиялық басымдығы – Қытайға қарсы Батыстың біріккен жауабы болмақ.
Әлем • 08 Маусым, 2021
МАДРИД. Климаттың өзгеруіне қатысты тығыз трансатланттық ынтымақтастық орнату мәселесінің ақырында Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың жұлдызы жарасуы мүмкін. Ақ үй басшысы Джо Байден Еуропаға сапары барысында осындай ерекше сәтті барынша ұтымды пайдаланып қалуға тиіс.
Ел және Елбасы • 08 Маусым, 2021
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдап, ел билігі тізгінін саясаттағы сенімді серігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрегендікпен ұстатқалы екі жылдан астам уақыт зымырап өте шықты. Осы уақыт аралығында сындарлы сабақтастық салиқалы жалғасын тауып, Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті іске асырылып келеді. Президент ұсынған өзекті бастамалар халықтың көкейкесті мәселелерінің түбегейлі шешімін тауып, қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсартуға оң ықпалын тигізуде.