Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1436 материал табылды

Әлем • 08 Маусым, 2021

Пәкістанда пойыздар соқтығысты

Пәкістанда екі жүрдек по­йыз соқ­тығысып, ке­мі 30 адам қаза тауып, жүз­ден астам жолаушы жарақат алды. Millat Express және Sir Syed Express компанияларына тиесі­лі пойыздар елдің оңтүстігіндегі Синдх провин­циясы маңында соқтығысқан.

Әлем • 08 Маусым, 2021

Көпұлтты корпорацияларға салық салынады

«Үлкен жетілік» (G7) елдері көпұлтты кор­порацияларға салық салу жөніндегі тарихи келісімге қол жеткізді. Лондонда өткен кездесуде эко­номикасы дамыған елдердің қаржы министр­лері халықаралық корпорациялар тіркелген елдерінде емес, табыс табатын елдерінде салық төлеуі тиіс екеніне келісті.

Әлем • 07 Маусым, 2021

Болгария билігіне төнген «қара бұлт»

Өткен аптада АҚШ тарапы Болгарияның бірқатар шендісі мен 60-тан астам компаниясына парақорлыққа араласқан деген айыппен санкция салды. Мәселенің мәнісі сол, халықаралық ұйымдар аталған елде кейінгі кезде жемқорлық тамыр жая бастағанын айтып дабыл қағып отыр. 

Әлем • 07 Маусым, 2021

Facebook Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттады

Facebook Inc өткен аптада АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі парақ­шасын 2023 жылға дейін бұғаттады. Сондай-ақ компа­ния­ның ережелерін бұзған кез келген әлем басшысына да осындай шара қолданатынын ескертті.

Әлем • 07 Маусым, 2021

Еуроодақ Беларусь ұшақтарына тыйым салды

Еуропалық Одақ Беларуське тие­сілі әуе компанияларының қарт құрлықтағы барлық әуе кеңістігі мен әуежайын пайдалануға тыйым салды. Бұған ресми Минскінің Ryanair компаниясына тиесілі ұшақты бортта бомба бар деген желеумен қондырып, оппозиция белсендісі Раман Пратасевичті тұтқындауы себеп болды.

Сұхбат • 06 Маусым, 2021

Уильям МОЗЕР: Қазақстанмен қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестікке негізделген

  Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағанда ресми түрде бірінші болып мойындаған АҚШ екені мәлім. Содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарып, өзара ынтымақтастық нығайып келеді. Сауда-экономикалық байланыс та жолға қойылған. Елімізге салынған АҚШ инвестициясы да аз емес. Осы орайда дербес даму жолына түскен еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді әңгімеге тартқан едік.

Қоғам • 04 Маусым, 2021

Таңғы астың әлегі

Финляндияда өткен аптада қызық оқиға болды. Ел премьер-министрі Санна Мариннің таңғы асқа жұмсаған шығыны халық арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Еуропа үшін шенеуніктердің бюджет ақшасын қалай пайдаланғанын қа­дағалау – қалыпты жағдай.

Коронавирус • 03 Маусым, 2021

Әлемді вакцина құтқарады

Коронавирус пандемия­сына қарсы вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде бекіткелі жарты жылға жуықтады. Осы мерзім ішінде бірнеше екпе жарамды деп танылды. Содан бері әлемнің көптеген елі вакцина салуға кіріскен. Қазіргі таңда мұның нәтижесі анық байқалып отыр.

Парламент • 03 Маусым, 2021

Жұртты толғандырған мәселелер шешімін табады. Мәжілісте бірқатар маңызды заң жобасы қаралды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әлем • 01 Маусым, 2021

Еуропаның экономикадағы үлесі төмендей ме?

Экономикалық өсім мәселесінде Еуропа біраз уақыт бойы әлемнің алпауыт мемлекеттері – АҚШ пен Қытайдың соңына ілесе алмай келді. Сондықтан қарт құрлықтың жаһандық экономикадағы салыстырмалы салмағы тез төмендеуіне таңғалудың қажеті жоқ. Ендеше, Еуропалық одақ мұндай қиындыққа қаншалықты төтеп береді және ЕО басшылары қандай қадамға баруы тиіс?