Әлем • 01 Маусым, 2021
Коронавирус пандемиясы өзімізден жырақта болып жатқан дағдарыстарға «бізге қатысы жоқ мәселе» деп қарамауды үйретті. Әлемнің кез келген нүктесінде болған оқиға жер шарындағы адамның бәріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан Африкадағы пандемияның салдарымен күресу өте маңызды.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Еуропа ауыл шаруашылығына алаңдайды
Еуропалық Одақ елдері өткен аптада төрт күн бойы Ортақ ауыл шаруашылығы жөніндегі саясатты (Common Agricultural Policy немесе қысқаша CAP) талқылап, ақыры келісе алмай тарқады. Жоспар бойынша 270 миллиард еуро осы салаға бөлінуі тиіс-тұғын. Бірақ ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Еуропалық Парламент депутаттары мол қаражатты бөлу мәселесінде мәмілеге келе алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2021
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын барысында Алтын орда хандығының тарихы мен бүгінге жеткен мұрасы, Қазақ хандығының құрылуы туралы сөз қозғалды.
Футбол • 30 Мамыр, 2021
Күні кеше Чемпиондар лигасының финалы өтіп, ағылшынның екі клубы – «Манчестер Сити» мен «Челси» күш сынасты. Ақтық сында лондондық команданың шоқтығы биік шығып, «қос құлақты кубокты» басына көтерді. «Тұманды Альбионның» қос клубы әлемдегі ең абыройлы турнирдің финалына шығуы кездейсоқ емес. Өйткені Ұлыбритания – футболы ерекше дамыған мемлекет.
Үкімет • 28 Мамыр, 2021
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын талқылады. Сондай-ақ Президенттің Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босату туралы ұсынуын қарады. Судья Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды.
Саясат • 27 Мамыр, 2021
Шектеулі мүмкіндікке ілкімді қамқорлық
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Коронавирус • 27 Мамыр, 2021
Биыл вирус жұқтырғандар тым көп
БҰҰ-ның жаңалықтар орталығының хабарлауынша, қазірге дейін шығарылған вакциналар әділ түрде бөлінгенде әлемдегі медицина қызметкерлері мен қарт кісілердің бәріне жететін еді.
Әлем • 27 Мамыр, 2021
Қаңыраған Каммарата қайта жанданды
Бүгінгі таңда баспана мәселесі бүкіл әлемді мазалайтыны анық. Бірақ Италиядағы Сицилия аралының тұрғындары үшін тұрғын үйден қиындық жоқ. Осыдан екі жыл бұрын аралдағы Каммарата кентінде баспана құны 1 еуро екенін бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Бүкіл елді қалай вакцинамен қамтамасыз ету керек?
ВАШИНТОН, КОЛУМБИЯ ОКРУГІ. Коронавирус пандемиясы барлық адам, соның ішінде кедей елдердің тұрғындары вакцинаға қол жеткізгенге дейін аяқталмайды. Дүние жүзінде жаппай екпе егу инфекциялардың таралуын тоқтатудан, адамдардың өмірін сақтаудан, өмірімізді қайта қалпына түсіруден мол үміт береді. Адамдар өздерін коронавирустан қауіпсіз сезінбейінше, қайта оқып, жұмыс істеп, саяхатқа шығып, әлеуетін пайдалана алмайды.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Цифрлы валюта шығарудың сәтсіз әрекеті
НЬЮ-ЙОРК. 2019 жылғы маусымда Facebook батыл мәлімдеме жасады. Бір жыл ішінде жаңа әлемдік валюта – Libra-ны іске қосатынын хабарлады. Жоспар бойынша трансшекаралық операцияларда ұлттық валютаға балама ұсынылып, банк қолданбайтын миллиардтаған адамға арналған төлем желісі жасалуы тиіс еді. Дижитал ақша негізін қатаң сақтаған Libra-ны Швейцариядағы қауымдастық шығаруы керек-тұғын. Сондай-ақ ұлттық валюта себетінде сақталып, дербес елдерге тәуелді болмауы тиіс еді.