Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2529 материал табылды

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады

Таяу күндері Б. Момышұлы көшесі 1\55 (бұдан әрі-Модуль-1) мекенжайында орналасқан И. Жекенова атындағы «Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» модульдік госпиталі қайта ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?

Бүгін VII шақырылымдағы қала мәслихатының бірінші сессиясында сөз сөйлеген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар өзекті міндеттерді атап өтті, оларды шешуге мәслихат депутаттары мегаполис әкімдігімен бірге кірісетін болады деп хабарлайды Еgemen.kz

Медицина • 15 Қаңтар, 2021

2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді

Былтыр, яғни 2020 жылы Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Германия, Корей, Ауғанстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары емделді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 15 Қаңтар, 2021

Ақтаудағы аппақ қыздар

Альбиностарды – табиғат ғажабы десек те болады. Дегенмен, елден тым ерекше болып туу бақ па, сор ма? Бұлай дейтініміз, өкінішке қарай, әлі күнге дейін африкалықтар альбиностардың шашы, сүйегі, жыныс мүшелері және бас бармағы ерекше емдік қасиетке, күшке ие дегенге сенеді. Қара нәсілді құрлықта аппақ боп туған адамдардың кептірілген, үгітілген, дорбаларға салынған немесе теңізге шашылған дене мүшелері балық өсімін молайтады, тастардың арасынан алтын табуға немесе саясаткерге сайлауда жеңіске жетуге көмектеседі деп түсінеді.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2021

Әлемдегі 10 баланың 4-еуі ғана анасын емеді

Ананың ақ сүтін ештеңе де алмастыра алмайтынын бүгінгінің көзі ашық қыз-келіншектеріне айтып, түсіндіріп отырудың өзі артық. Уызына жарымаған баланың денсаулығында да, мінез-құлқында да бір кінәрат қалатынын баяғылар арнайы зерттемесе де ішкі түйсікпен білген ғой. Ендеше Қазақстанның әйелдері күштерінің альянсы жұмыс берушілерді өз қызметкерлеріне бала емізетін орындар ұйымдастыруға үндеп отыр.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Соңғы тәулікте Алматыда 122 адамның індет жұқтырғаны анықталды

Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирус инфекциясын 19 980 адам жұқтырып алса, өткен тәулікте мегаполис бойынша 122 науқастан ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталды. 2020 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану деңгей 1,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Алматыда 300 мыңдай зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қарауында

Алматы әкімдігі әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында "Белсенді ұзақ өмір" жол картасы бойынша жұмысын жалғастырып отыр. Міндеті-аға ұрпақты белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тарту арқылы өмірлерін ұзартып, қарт адамдардың қоғамдағы рөлін арттыру.

Сұхбат • 14 Қаңтар, 2021

Жүйке ауруларына кімдер жиі душар болады?

Бүгінде Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 10 462 адам диспансерлік бақылауда тұрса, соның 5 864-і ер-азаматтар. Қыз-келін­шек­терге қарағанда, жігіттердің басына жиі зақым келеді, жол апатынан, спорттық жаттығулар мен сайыстарда соққы алады десек те, бұл деректің жоғары болуының өзге қырлары да бар. Сіркесі су көтермей, ұйқысы қашқан еркектерді есеңгіреткен аурудың емі бар ма? Осы және басқа да сауалдарға Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВ жауап берді.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Алматыға 13 қаңтарда қалыңдығы 16-18 см қар жауды

Алматы қаласында 13 қаңтар күні таңғы сағат 4.30-дан бастап қар жауа бастағсн-ды. Қазгидрометтің болжауы бойынша кешке қарай жауған қар тоқтады. Кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша қалаға 16-18 см қар түсті.