Денсаулық • 03 Мамыр, 2023
Жүрекке түскен салмақ, ғашықтық МРТ-дан да байқалады
Мақаламыздың тақырыбы романтикаға тұнып тұрғанымен, өте өзекті мәселенің бірін қозғауға мәжбүрміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары аурулары жастарды да жағалап жүргенін, тепсе темір үзетін жастағы азаматтарымыздың өмірі кенеттен үзіліп жатқанын көріп жүрміз.
Қоғам • 03 Мамыр, 2023
Тұрмыстық қалдықтардан қашып құтыла алмасақ та, оны азайтудың жолдарын қарастыру күн өткен сайын көкейкесті сипатқа айналып келеді. Әсіресе ешқашан шірімейтін, өздігінен топыраққа сіңіп кетпейтін пластиктерді екінші рет кәдеге жаратпаса, онда ертең адамзат баласы жүретін жер таппай қалуы да ғажап емес. Сондықтан трансұлттық компаниялар осынау өзекті мәселеге араласуға мүдделі болып отыр.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2023
Алматыда «қоқыстан» жасалған бұйымдардың көрмесі өтуде
Алматыда «қоқыстан» жасалған бұйымдардың көрмесі өтуде, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Алматыда ТМД-да тұңғыш рет жүректің қолқа қақпақшасына протез салынды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кеше ТМД аумағындағы тұңғыш рет жүректің қолқа қақпақшасына биологиялық протез салды. Осы инновациялық ота арқылы Сауд Арабиясынан келген профессор Мұхамед Саллах Алрешхидан жаңа биологиялық протезді импланттау шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Сәуір, 2023
Дәрі-дәрмектің саясатқа не қатысы бар?
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы кіндік Азиядағы субөңірлік саяси диалогын жүргізу үшін Қазақстанды таңдауының өзіндік алғы-шарттары бар. Біз бұған дейін де халықаралық құзырлы ұйым биылғы қазан 73-ші сессиясын өткізу үшін Астана қаласына келетінін, амандық болса оған жүздеген мемлекеттің өкілдері қатысатынын жазған едік.
Ауыл • 23 Сәуір, 2023
«Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушылар Отбасы банктен есепшот ашуға асыққаны жөн
Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес Отбасы банк биыл 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Аталған жобаны жалғастыруда таңдау неге Отбасы банкке түсті десек, шынында да, оның тұрғынжайды несиелеуде бай тәжірибесі бар екендігін және осы жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғанын жоққа шығара алмаймыз.
Қоғам • 22 Сәуір, 2023
«Фаст-фуд па, салат па?». Студенттер немен тамақтанып жүр?
Осы аптада «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ мен Алматы менеджмент университеті (AlmaU) Алматының 18 жоғары оқу орындары арасында студенттердің қалай тамақтанатыны жөнінде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін жариялады.
Пікір • 18 Сәуір, 2023
Біреулер Отан үшін опат болса, енді біреулер – зұлымдықтың, біреулер айтпай келген апаттың құрбаны. Ал өз ақымақтығынан ажал құшқандарды көрген сайын ақымақтықтан өлгендерге берілетін «Дарвин сыйлығы» еске түседі. Әйтпесе, қаншама адам дәл осы сәттерде ауыр дерттен, шипасы табылмаған кеселдермен арпалысып, Құдайдан денсаулық, ғұмыр тілеп жатқан жоқ па?
Денсаулық • 17 Сәуір, 2023
Адам ағзасы ықылым замандардан бері үздіксіз зерттеліп жатса да, әлі күнге дейін ғұламаларға да сырын бермей келе жатқан кеселдер көп. Мәселен, қазіргі таңда қант диабеті дейтін дерттің жастарда ғана емес, сирек те болса жас балалардан да табылып жатқаны оқымыстыларды ойлантып отыр.
Әйел әлемі • 14 Сәуір, 2023
Мұнайшы қазақ қызы әлемдік жобаларға атсалысып жүр
Биыл «Шеврон» компаниясының Қазақстан Республикасында жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл толды. Трансұлттық компанияда ширек ғасырдан бері инженерлік әзірлемелер мен құрылыс сынды іргелі жобаларды жүргізген жоғары білікті мамандардың бірі – Зайгүл ДОСАЛИЕВАМЕН әңгімелесудің сәті түсті. Кейіпкеріміздің дүниенің әр қиыры мен еліміздің ішінде атқарған жұмыстары шынында да қызғылықты.