Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Қоғам • 01 Маусым, 2022

Аутизм: Ауыртпалық ата-анаға түседі

Біз бұған дейін аутизмге шалдыққан балалар қатары көбейіп келе жатқанын және мұны заманауи факторлармен, диагностиканың жақсаруымен байланыстырған едік. Кез келген елді алаңдатып отырған бұл дерттің алдын алудың, асқындырмай емдеудің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің жолдары қандай?

Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Алматыда үш жолайрық салынып жатыр

Алматыдағы көшелердің жалпы ұзындығы 3 096 шақырым болса, 234 шақырымға жуық көшелерге әлі асфальт төселмеген. Бүкіл жол желілерін қоса алғанда, шаһар жолдары толық жөнделді деген көрсеткішке жеткен емес, мұны агломерация есебінен қаланың үздіксіз ұлғайып келе жатқанымен ақтауға болады. Оның үстіне Абай даңғылы, Саин мен Әуезов көшелері ұзартылып жатыр.

Медицина • 25 Мамыр, 2022

Жіті ішек ауруларының алдын алуға шақырды

Дұрыс сақталмаған, мерзімі өткен, бұзылған азық-түліктен іш ауырып қалса, көпшілігіміз мұны елең қылмай, өз бетімізше емделе беретініміз жасырын емес. Алайда жіті ішек аурулары да – денсаулық сақтау саласының күрделі мәселесінің бірі. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын әлемде 1-1,2 млрд-қа дейін диарея аурулары тіркеліп, 4 млн-ға дейін адам қайтыс болады.

Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Тауар тапшылығы сезілмейді

Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталған ал­ғашқы апталарда Қа­зақ­станның электроника на­рығындағы ойын­шылар да осы кезеңмен және Қазақстандағы оқи­­ға­лармен сәйкес келген логистикалық шектеулерге, қаржылық тұрақ­сыз­дыққа байланысты өте қиын жағ­дай­ға тап болғаны белгілі.

Медицина • 24 Мамыр, 2022

Адам өміріне ара түскен хирургтер

Кеселдің қандай түрінен болса да аман болайық дегенімізбен, дертіне дауа іздеген адамдарды, күн сайын ауруханаларға қарай заулап бара жатқан жедел жәрдем көліктерін көреміз. Сәт сайын дәрігерлердің алдына мыңдаған науқас шипа іздеп келеді. Алматы шаһарында соңғы күндері жасалған ерекше операцияларға көз жүгіртіп көрелік.

Медицина • 23 Мамыр, 2022

Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол

Пандемия кезінде елімізге емделуге келген шетелдік пациент­тер­дің болғанын, оның нақты мысалдарын оқырманмен бөліс­кен­біз. Ал соңғы кезде ТМД аумағында болған оқиғалар отандық медицинаның бір тармағының дами түсуіне түрткі болып отыр. Себебі көрші мемлекеттердегі, оның ішінде кең­се­сін Мәскеуде орналастырған шетелдік клиникалар қазір өкіл­дік­те­рін Алматыға көшіруге мәжбүр.

Референдум • 23 Мамыр, 2022

Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді

Санаулы күндерден кейін елімізде Ата Заңға өзгерістер енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Конституциялық өзгерістер отандас­тарымыздың ешқайсысының өмірін айналып өтпейтіні аян. Кейінгі уақытта бұл мәселеде биліктің белсенділік танытуы, ақпараттық-насихат жұмыстарының жандана түсуі де заңдылық.

Медицина • 20 Мамыр, 2022

Озық реанимациялық жабдықтарға қол жеткізеді

Жуырда еліміздің алты облысының перинаталдық орта­лық­тары мен Алматы қаласындағы Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы реанимацияда жаңа туған шараналардың өмірін сақтап қалуға арналған заманауи аппараттық гипотермия кешендерімен жабдықталады.

Медицина • 19 Мамыр, 2022

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну қанша адамнан табылуы мүмкін?

Ілуде бір адамда ғана кездессе де, ерте бастан диагнозы дұрыс қойылып, дер кезінде емделіп отырмаса, соңы ажал құштыратын тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) дейтін дерт бар. Өкінішке қарай, тұқым қуалайтын бұл кеселді көп жағдайда кәдімгі аллергия сияқты аурулармен шатастырып, шипасы дұрыс жасалмайтын жағдайлар жиі орын алып жатады. Өйткені оның белгілері басқа ауруларға ұқсайды. Сондықтан оны әу бастан анықтап, асқындырмай емдеп отыру – оған душар болған жандардың қиналмай, қалыпты өмір сүруіне септеседі.

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар

Күнделікті тіршілікте біреуге керек, енді біреуге түк те керегі жоқ тәтті ұнтақтың азық-түлік түрлерін дайындаумен айналысатын көп салаға қатысы бар екенін, тіпті көрші мемлекетте «арнаулы операциялар» басталғанда бірінші болып қымбаттаған тауардың бірі қант болғанын көрдік.