Медицина • 27 Қазан, 2021
Әр бесінші науқас дәрігерге дерті асқынғанда келеді
Бүгінде Алматының онкологиялық орталығында 27 мыңнан астам науқас есепте тұр. Бірақ бұл көрсеткіштің жыл сайын өсіп жатқанынан шошынудың қажеті жоқ. Яғни қатерлі ісікпен сырқаттанғандарды дер кезінде анықтау ісі жақсарып келеді және уақтылы тағайындалған ем-дом пациенттердің өмірін ұзарта алады.
Коронавирус • 24 Қазан, 2021
Індет жұқтырғандардың жүйкесі сыр береді
Осы уақытқа дейін елімізде 928 211 адам індетке шалдығып, 12 мыңдай адам көз жұмған екен. Әрине, бұл – ресми дерек, шын мәнінде КВИ жұқтырғандар саны мұнан да көп және өз бетінше үйінде ем-дом қабылдады деген долбар айтуға дәлел мен дәйек аз емес.
Білім • 20 Қазан, 2021
ҚазҰУ: Алты айда ауқымды іс атқарылды
Жаһандану үдерісі күшіне мініп келе жатқан кезеңде жастардың көңілін ала-құла, елжандылықтан ада, шетелшіл болуға ықпал ететін жағдаяттардың бар екеніне көзді жұма беруге болмайды. Осы тұрғыдан келгенде байырғы білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті стратегиялық тұрғыдан жаңғырып жатыр.
Медицина • 17 Қазан, 2021
Буын ауыстыру операциясы медициналық сақтандыру есебінен жасалады
Бұдан былай кез келгеннің жасата салуға шамасы келе бермейтін буын алмастыру операциялары Алматыда медициналық сақтандыру есебінен жүзеге аспақ. Жуырда қала дәрігерлері 90 жастағы пациенттің жамбас буынын алмастырды. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалған еді.
Экономика • 14 Қазан, 2021
Отбасы банк бәсекесіз «онлайн базарын» іске қосты
Цифрлы технологиялар біздің өмірімізді айтарлықтай өзгерткенін байқайсыздар ма? Елімізде финтех секторы ілгерілеп келеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл ипотеканың онлайн форматқа көшуі. Бұрын клиенттердің өз аяғымен барып, банк бөлімшесіне кезекке тұрып жасауы тиіс шаруаның көбін енді жасанды интеллект атқара бастады. Бастысы, клиент өзінің сәйкестігін растауы тиіс. Бұл электронды цифрлы қолтаңба, басқа да идентификация құралдары арқылы жүзеге асатынын баяндар алдында бірнеше жыл бұрын цифрлы технологияларды дамытуға инвестиция салатынын мәлімдеген Отбасы банк осы сөздің үдесінен шыға бастағанын айтқан ләзім.
Аймақтар • 14 Қазан, 2021
Өз өмірлеріне көңілдері тола ма?
Ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі таңда Алматыда 14-28 жас аралығында 506 мың жас тұрғын бар. Бірақ мегаполиске білім, жұмыс іздеп ағылған адамдардың, әсіресе, жастардың саны әлдеқайда көп екені анық. Бұл ретте көші-қон деңгейінің жоғары болуына байланысты жыл сайын қалаға 35 мыңға жуық жас келеді және 20 мыңға жуығы кетеді.
Коронавирус • 12 Қазан, 2021
Алматыда індетпен күресу тәсілі өзгереді
Елімізде індетке шалдыққан алғашқы адам Алматыдан анықталғалы бері шаһардың эпидемиялық ахуалы талай өзгергенімен, жаһандық індеттен толық арылған жоқ және әлі де қызыл аймақта қалып отыр. Сондықтан жағдайға бейімделу үшін, КВИ-ға қарсы іс-қимылдың тиімді моделі құрылып, денсаулық сақтау саласындағы тәсілдер толығымен қайта қаралды.
Медицина • 08 Қазан, 2021
Дәрігерлер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?
Былтыр Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев еліміздегі дәрігерлер тапшылығы, медицина қызметкерлерінің жалақысы, жұмыстан кетуі, шетелге көшуі туралы баяндаған еді. Әсіресе індет белең алған кезде Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында медициналық кадрлардың жетіспеушілігі анық байқалды.
Білім • 07 Қазан, 2021
Жеке инвесторлар жоғары деңгейге жеткізбек
Алматыда биыл бірінші рет қалалық білім басқармасы 2020 жылы үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептердің рейтингісін жасады. Бағалау барысында мектептердегі үздік және екпінді оқушылардың саны мен оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да ескерілген. Алматының ең жаңа ауданы – Наурызбай ауданының мектептері қаланың 5 үздік білім беру мекемесінің қатарына қосылды.
Экономика • 03 Қазан, 2021
Жастарға – жаңа тұрғын үй бағдарламасы
Отбасы банк Elorda zhastary тұрғын үй бағдарламасын іске қосады.Төркіні «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» бастау алатын Отбасы банкінің оңды оқиғаларына жылдар бойы ортақтаса жүріп, «Армандар қалай орындалады, адамдар қалай мақсатына қол жеткізеді?» деген сауалдар туралы жиі ойланған екенбіз. Аталған банктің бастамаларына қалам тербей келе, көзіміз жеткен дүние – әрекетте берекет бар.