Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2021
Кез келген қойылымда ұлттық ерекшелігіміз көрініп тұруы керек
Жаһанды уысында ұстаған пандемия салдарынан небір айтулы оқиғалар өз дәрежесінде өтпей қалды. Соның бірі – Алматы даңғылдарында дүркіреп өтуі жоспарланған Қазақ мемлекеттік циркінің жартығасырлық тойы еді. Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, мәдениеттанушы ғалым Бақыт БӨКЕБАЕВПЕН цирк өнерінің табыстарымен бірге, осы жанрдың жолын бөгеген мәселелер төңірегінде әңгімелескен едік.
Коронавирус • 30 Қыркүйек, 2021
Елімізде отандық және басқа да вакцина түрлері болғанымен, екпемен қамту әлі де төмен. Мәселен, жұрттың 60%-дан астамы вакцинаның бірде-бір дозасын әлі алмаған. «Алдым» деген анықтамасы барлардың бір бөлігіне күмәнмен қарауға тура келеді. Ал АҚШ-тың көп бөлігінде, Данияда ересектердің 80%-ы вакциналанған.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021
Сақтық шараларын көз алдау үшін ұстанбау керек
Пандемия қарқыны бәсеңдеп, жағдай тұрақталды десек те, індетке шалдығып жатқандар әлі де бар. Соңғы мәліметке сәйкес Алматыда соңғы тәулікте 549 адамнан коронавирус анықталды.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Көпбалалы отбасыларға тиесілі көмек талапқа сай емес
Шалғайдағы шалқарлық аналарды Алматыға дейін әкелген мәселені баяндамас бұрын, бірқатар жайтқа тоқтала кеткен жөн. Расында, мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды қолдауда аз жұмыс атқарып отырған жоқ. Алайда аманат неге адал орындалмайды? Қандай қиын заман болса да жетім мен жесірдің несібесіне ортақтасу әдет-ғұрпымызда бар ма еді? Обал мен сауапты аттаған мұндай оқиғаларға кім кінәлі? Өңірлерде қылаң беретін келеңсіздіктер неге елді шулатпай-ақ реттелмейді?
Медицина • 03 Қыркүйек, 2021
Коронавирус пандемиясынан бөлек, талай адамның өмірін жалмап жатқан басқа да жұқпалы кеселдер бар. Мәселен, әлі күнге дейін шипасы толық табылмаған, асқына келе соңы СПИД-ке ұласатын адам иммунтапшылығы вирусы. Дегенмен қазір елімізде АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдайтын адамдардың қатары көбейген.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2021
Күніне 1,5 мың алматылықтан індет анықталады
Алматы билігі індетті тоқтату үшін түрлі қадамға барып, орасан шығынға батып жатқанымен, эпидемиялық ахуал тұрақтала қойған жоқ. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, індет жұқтырғандар саны жаңа оқу жылы басталғанша өспесе, кемімейді. Өйткені демалушылардың негізгі бөлігі жұмысқа шығар алдында ПТР тапсырады.
Коронавирус • 25 Тамыз, 2021
Індет әлі де болса айылын жимай отырғанда, жұртты адастырып, инфекцияның өршуіне септесіп жатқандар жеткілікті. Кез келген діннің өкілі микробиология, эпидемиология, вирусология саласының маманы емес, сол сияқты антиваксерлер де нақты ғылымға маңайлай алмайды.
Медицина • 20 Тамыз, 2021
Спондилодез – қымбат та қолжетімді операция
Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онколог-нейрохирургтері жоғары медициналық технологиялар арқылы атқарған бұл операцияның да жөні бөлек.
Медицина • 20 Тамыз, 2021
Жанды қинамайтын жаңа жабдықтар
Алдымен елімізде Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғана жүрек ырғағының бұзылысын коронарлық шунттау немесе жүрек ақауларын түзете отырып бір уақытта емдеу үшін ашық жүрекке криоаблация операциясы жасалатынын айта кеткен жөн. Жақында бұл мекеменің кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылды.
Медицина • 17 Тамыз, 2021
Медициналық қызметкерлердің халатты өз қаражатына сатып алатыны рас па?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мегаполистегі емханалар мен ауруханаларды модернизациялау мәселелері туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.