Қоғам • 25 Шілде, 2021
«Шеті жоқ» Алматы: Оңтүстік астанада жол «жыры» таусыла ма?
Аумағы ұлғайып, үздіксіз жөнделіп, жыл сайын жаңаланып жататын мегаполисте жол мәселесі болған және бола бермек. Басқасын айтпағанда, биыл Алматыда 100 шақырымнан аса жаңа жол салу жоспарланған еді. Іс жүзінде бұл қалай жүзеге асып жатыр? Оның үстіне көктемде жұмысына салдырсалақ қарайтын мердігерлердің кесірінен Алматының ортасындағы кейбір көшелер опырылып түсіп, қала абыройына нұқсан келтірді.
Коронавирус • 24 Шілде, 2021
Алматының сауда орындары індет жұқтыруда көш бастап тұр
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидзерттеу нәтижелері бойынша коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары анықталғанын айтты. Бұл тізімдегі 40%-ды сауда нысандары құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Шілде, 2021
Ж. Бекшин Алматыда карантиннің неліктен күшейтілгенін түсіндірді
Алматы халқының иммундық қабат жеткілікті мөлшерде қалыптасқан жоқ. Бүгінде ол 40%-ды құрайды. Вакцина қарқынының жеткіліксіздігі және науқастар санының артуы салдарынан қалада карантиндік шаралар күшейтілді. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте аталған шектеулердің неден туындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Шілде, 2021
КВИ-мен ауырып тұрғандарға вакцина қажет пе?
Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қауіпті індетті жұқтырудың 90%-ы жабық үй-жайларда болатынын атаған еді. Вирусолог халықты өздерін және жақындарын коронавирустың ерекше қауіпті «дельта» нұсқасынан қорғау үшін вакциналауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 23 Шілде, 2021
Коронавирусқа қарсы қандағы антиденелерді тексеру неге тиімсіз?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады. Ол халыққа ағзадағы антиденелердің болуы немесе болмауы туралы алаңдамауы керек екеніндігін айтады. Өйткені коронавирустан қорғауға мүлдем басқа иммундық жасушалар жауап береді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Шілде, 2021
Гигиена және эпидемиология мектебі қайта құрылуы мүмкін
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елдегі эпидемиологтардың тапшылығын растады, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 23 Шілде, 2021
Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді - Алмаз Шарман
«Дельта» коронавирус штамын жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты шектеу шаралары күшейтіледі
Алматыда індетке шалдыққандар 4 есе көбейгендіктен, қосымша шектеу шаралары енгізілмек. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Қалалық штабтың отырысында мегаполисте қосымша шектеу шараларын енгізу туралы мәселе қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2021
Абзал Малбасқанов: Бұл індеттен құтылудың вакцинадан басқа жолы жоқ
Алматыдағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға дәрігері Абзал Малбасқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирустың жаңа штамы, бактериялық пневмонияны жұқтырғандарды емдеу, сондай-ақ адам ағзасын қорғауға және иммунитетті күшейтуге қабілетті вакциналар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2021
Алматыда індет өршіп барады: Ауруханаларда төсек-орындар көбейтілді
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі эпидемиялық ахуал нашарлап бара жатқандықтан, коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Қалалық штабтың жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаев, аумақтық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, мегаполистің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, аудандық әкімдіктер мен бейінді басқармалардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.