
Медицина • 14 Мамыр, 2019
Сусамырдың алғашқы белгісімен күрес әлемдік сипатқа ие
Өмір сүру салтының, тамақтану мәдениетінің өзгеруі белгілі бір дерттердің белең алуына әкеліп отыр. Кез келген кесел емдемесе қауіпті, алайда сусамырдың бастапқы белгілерімен бірден күреспесе, жүре келе жазылмас ауруға, мүгедектікке, тіпті ажалға душар ететінін көзі ашық адам біледі. Мәселен, оның басы – диабеталды ауруы.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Электронды оқулықтар мұғалімдердің жұмысын, оқушылардың сөмкесін жеңілдетеді
Мектептерді электронды оқулықтармен барынша қамтамасыз ету – білім саласының негізгі міндет-мақсаттарына айналғанына жиырма жылға жуықтады. Бұл мәселеде әрине, ілгерілеу бар десек те, атқарылуға тиісті жұмыстар әлі жеткілікті.
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Өз өмірі де киноға сұранып тұрған танымал актриса, бірнеше бизнесті қатар алып жүрген Гүлшарат Жұбаеваны жұрт қазір сегіз қырынан да көріп жүр. Ой-парасатымен, іскерлігімен он жігітті орап кетер қасиеті бар қазақ қызы сауапты істерімен де талайдың оң батасын алып отырған жайы бар.
Қоғам • 18 Сәуір, 2019
Жалдамалы кейіпкер – арзан рейтинг, анайы хабар, төгілген абырой
Әлемді көз алдымызға айнадай тосып отырған телеэкранның алдында кім отырмайды дейсіз. Санасы солқылдақ жас та, салиқалы сөз күткен салмақты тыңдарман да, әрбір айтылған сөздің астарын іздеген кінәратшыл көрермен де, көргенін сол күйінде қабылдайтын аңғал жандар да, майдан қыл суырғандай сұңғылалар да, әр нәрседен пайда іздеген пиғылы бөлек адамдар да отыр.
Сұхбат • 12 Сәуір, 2019
Мұрат Жұрынов: Әділетсіздіктің үлкені – әрбір маманға өзіне лайық қызметін бермеу
Кезінде КСРО Ғылым академиясының президенті, академик А.П.Александров: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр» деп үлкен баға бергенін көпке дейін малданып келдік. Одан бері дүние түбегейлі өзгерді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ғылымды тоқыратпауға талпындық. Осы жылдар бедерінде де оны дамытуға аз қаражат салынған жоқ. Ғылымды экономикамен, өндіріспен ұштастыруға ұмтылып бақтық. Ғылым күні қарсаңында Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат ЖҰРЫНОВПЕН әңгімелескен едік. Әлбетте, ғалымдардың тыныс-тіршілігі, кеше ғана ҰҒА құзырында болған 45 ғылыми-зерттеу институтының бүгінгі ахуалы, мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін ғылымның дипломатиялық рөлі сынды сауалдарды соңғы уақытта елімізде болып жатқан үлкен өзгерістер кейінгі сұхбатқа ысырды. Сондықтан да әңгіме ел шежіресінде орын алып жатқан тарихи оқиғалардан бастау алды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шығып, бақытын басқадан тауып отырған қарагөздер туралы сөз қозғалса, көпшіліктің пікірі ұдайы екіге жарылады. Аралас некеге жеке адамдардың тағдыры деп қарау керек пе, әлде бұл жаһандануға жұтылып бара жатқан халықтардың трагедиясы ма?