Әдебиет • 24 Қаңтар, 2023
Егер оқырманын сүйіндіріп немесе күйіндіріп қоймаса, кезі келгенде, тіпті жирендіріп, ондайдан бойды аулақ саларға ойландырмаса әдебиет әдебиет, өлең өлең емес шығар. Жалпы, өнер атаулының бір міндеті адам жанын тәрбиелеу, рухын шынықтыруға бағышталатыны белгілі.
Әдебиет • 23 Қаңтар, 2023
«Жанбота мазамды алды ала жаздай...»
«Аспан болған соң, ашығы жақсы», депті ғой Оралхан Бөкей. Біз шамамыз жеткенше туынды туралы айтамыз. Оның шырқау биігі мен тереңіне жету-жетпеу – басқа әңгіме. Кейбір ұлы туындылар хақында автордың өзі терең бойлап жеткізе алмауы мүмкін, кейде. Енді, әрине, сөз шығарма жайында болған соң, оның иесі хақында да тоқтала кетуге тура келеді.
Әдебиет • 18 Қаңтар, 2023
Дәулеткерейдің «Жігерін» тыңдап, тереңіне бойлай алған адам дүниеге қалай қарайды деп ойлайсыз? Тіпті тереңіне демей-ақ қояйық, ептеп-ептеп түйсінуге жеткен жүрек иесінің өзі осал болмасына бәс тігер едік. Негізі күйді түсінеді дегеннен гөрі, түйсінеді, сезінеді деген оңдырақ шығар. Бірақ дүниенің бәрі сол сезінуден тумай ма? Егер қазақ тыңдармандары өзінің төл мәдениетінің шаңырағын көтерген қадау-қадау ілкі туындыларымен ауызданып өскенде, біздің бүгінгі жағдайымыз қазіргіден көш ілгері болар еді ғой. Әрине, қазақ өнеріндегі оқшау тұлға, оның ішінде саз әлеміне орасан зор олжа салған Дәулеткерей Шығайұлының музыкалық мұрасына келгенде осылай деуге мәжбүрміз.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023
Оның кейіпкерлері әлемнің әр түкпірінде нәзік түпкі сенімі мен көзге көрінер-көрінбес үміт жібіне ілініп өмір сүріп жатады. Шыбын кеп қонса, шырт етіп сынып түскелі тұрған қылдан жіңішке, бәлкім қылыштан өткір болуы мүмкін адамзаттың түпсенімі. Әйтпесе, күнделікті өмірде кісі баласының сенбейтіні жоқ. Тіпті түпкі сенімді діни, я болмаса басқаларымен шатастыруға болмайтын шығар.
Әдебиет • 16 Қаңтар, 2023
Ибраһим Құнанбайұлының Абайдан бөлек, бала күнгі тағы бір есімі Телғара болған деседі. Екі ананы (Ұлжан мен Айғыз) тел еміп өскен соң солай атаса керек. Абай – әжесі Зеренің қойған есімі. Абай – ес, жады деген мағынаға ие ұғым екенін Өзбекәлі Жәнібеков жазады: «біздің елде «бұл сөз халықтың абайында жоқ» – деген сөз бар», деп. Шынында да, Абай ұлттың ақыл-есіне айналды. «Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, тыңдағанда көңілдің өсері бар» деп басқа емес, хакімнің өзі айтады.
Руханият • 13 Қаңтар, 2023
Күйді естіген өз алдына, қуатты толқыны мен терең тебіренісіне еніп тыңдауға да дайындық керек-ау. Бала кезімізден құлағымызға сіңісті болған Есір Айшуақұлының күйі «Ақжарманың» асау арыны шарпып, қуат-күшінің астына бұққан тебіреніске шым-шымдап батқан сайын осылай сөйлеуге тура келеді. Күй дегеннің бір сипаты жан кешірген халге келіңкірейді ғой. Күйшінің өзегінде тулаған рух пен сезім ағыл-тегіл ақтарылып тұрған жоқ па? Есірдің «Ақжармасынан» осындай бір ғаламат сарын еседі. Ұстазы Абылдан жұқты ма, Тәңірден келді ме, ол жағы бір Аллаға аян. Сондықтан біз «Ақжарманы» тыңдап қана қоймай, танымына көз жүгіртуге құлаш ұрдық. Көптеген дерек шықты алдымыздан. Түпнұсқа бір болғанымен, әртүрлі баяндалады әрқайсысы. Солардың арасынан Таласбек Әсемқұлов Асқар Сүлейменовтің айтуымен жазып қалдырған нұсқаға тоқталғанды жөн көрдік.
Әдебиет • 11 Қаңтар, 2023
Бір жоқты бір жоқ табады. Кейде көрген нәрседен бір әсерленесің де, жақсы екен деп қоясың. Бәлен деп ештеңе айта алмайсың, бірақ әсері бойдан кетпей жүреді. Ой салар, үлгі алар ештеңе жоқ сияқты, неге екенін қайдам, әйтеуір ұнап қалған. Несімен ұнағанын тағы білмейсің. Мүмкін кинотуындының орындалу барысы, оның өнбойын ұстап тұрған ән-әуен, музыка ма деген ой туады. Сөйтсек, кинодағы диалог және жоғарыдағының бәрі екен ғой әсер етуші.
Руханият • 06 Қаңтар, 2023
Қазақ ән-күйін тыңдап жүрген ойлы құлақ пен сезімтал санаға Дәулеткерей Шығайұлының күйлері өзгеше әсер қалдырары сөзсіз. Атақты Бапас (Дәулеткерей) дегенде не түседі есіңізге? Не түспейді Дәулеткерей дегенде еске? Ұлы даланың бүгінгі бір шеті, кезіндегі кіндік ортасы Бөкей ордасынан ақ боз атын ойқастатып Әбілқайыр хан бастаған сұлтандар шыға келгендей елестейді. Ұлтының ары мен жұртының тұтастығына бола ту көтерген ақсүйек тұқымның асыл мұраты атой салады. Күй өнеріндегі төре тартыс, соны жосын не ғаламаттарға жетелейді. Ұлттың табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын деп өскен алтын әулет маңдайына тұтқан ақсүйек өнер салтанат құрады. Бұл айтқандарымыздың өзі үстірт болар еді. Асыл тек, ақсүйек өнер осы құбылыстар ғана ма? Сол асыл, бекзада текке тән махаббат пен мінез. Қысқасы бойлап болмайды, тек күйлерін тыңдай-тыңдай тәрбиелену керек. Сондай асқақ әрі кірпияз сана мен рухқа құлаш ұра алса қандай ғаламат?!
Руханият • 30 Желтоқсан, 2022
Міржақып десе – «Оян, қазақ!», «Оян, Қазақ!» десе – Міржақып еске түседі. Соны санаға орнықтырып, бекіте түсер сериал дүниеге биыл келді десек, артық айтқандық емес шығар. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян, Қазақ!» сериалы жарыққа шыққалы елдің ықыласына бөленді. Жақсы пікірлер айтылды. Біз туынды басталған бетте «ойбуй, «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалында ойнаған Міржақыптың өзі дұрыс еді-ау» деп қылп ете қалғанбыз. Сөйтсек, шығармашылық топ қателеспепті. Ең бастысы, Жақаң (Міржақып Дулатұлы) рөлін сомдайтын әртісті о баста, Ахмет Байтұрсынұлын түсіргенде жаңылмай дәл тапқан. Басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев бұл жолы да алып шыға алған Жақаңды.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2022
Жылқышының баласына немесе жылқышыға өмір аттың үстінен, жылқының құлағынан басталады. «С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні аяңшыл аттың жүрісін еске салады» дегенін бір емес, бірнеше есті адамнан естігем. Қазіргі мотоцикл мінген жылқышылар түсінбеуі мүмкін, негізі аттың үсті, оның елеңдеген құлағы – небір дүниенің көзін ашады. Жүрегі бар адамды табиғи тепе-теңдікке (үйлесім), есті арнаға түсірмей қоймайды. Жол жорғасы бар желісті атқа тақымың бір тиді екен, толқытып ала жөнеледі. Бәлкім сіз бұрын олай толқып та көрмедіңіз? Ал елеңдеген құлағы айналадағы әртүрлі құбылысты аңдатқыш сезім нүктесі секілді... Мұны әріде тамырынан тартып жеткізуші Асқар Сүлейменов болса, беріде ақын Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерінен аңғарамыз.