Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
265 материал табылды

Қоғам • 24 Мамыр, 2024

Қалықтаған күй-құдірет

Қазақ музыкасына, әсіресе күй өнеріне Сәкен Сейфуллиннің қосқан үлесі аз емес. Жалғыз-ақ Әбікен Хасенұлы екеуінің дос-жар болғанын, ашаршылық жылдары Арқадан Алматыға жетіп жаны қалған күйшіні қамқорлығына алып, бағыт көрсеткенін, Затаевичтің «Қазақтың 1000 әні» жинағына бірнеше ән-күй жаздырғанын атаса да жеткілікті шығар. Қателеспесек, соның бірі – «Абылай хан атты әскерінің маршы» деп аталады. Музыкалық мұрамызға осыншама жанашырлықпен қараған, өзі де сазгер Сәкеннің 130 жылдығына орайластырылған «Күй құдіреті» атты жас күйшілердің қалалық байқауы Астанадағы С.Сейфуллин мұражайында өтті.

Әлем • 24 Мамыр, 2024

Әлем қараған алақандай түбек

Корея Республикасында, әсіресе мамыр айында мереке көп. Отбасы күні, мұғалімдер күні, тағысын тағылар. Биыл Будданың туған күні мен (15 мамыр) ұстаздар күні қабат келіпті. Будда күні корей халқы демалады, мұғалімдер күні - жұмыс. Бір жеті өтетін Будда күні бұл елде халықтың ынтымағын арттырып, отбасы институтын нығайтатын мерекеге пара-пар. Түрлі фестиваль аясында ел ұлттық танымдарымен қауышып, жас ұрпақ төл тарихымен табысады. Корейліктерде Будда танымы өзгеше, сенім мен ізгілік, ұлттық таным мен тәрбие ғана емес, ең бастысы күнделікті дағдыларға негізделген.

Кино • 02 Мамыр, 2024

Бір тамшы махаббат

«Айка» деген атақты фильм естеріңізде шығар. Қандасымыз Самал Еслямова осы фильмдегі рөлі үшін халықаралық Канн кинофестивалінің «Үздік актриса» аталымын иеленіп, ата­ғы шыққан туындының арқауы – адам тағдыры. Мәскеу перзентханасында босанған қырғызстандық эмигрант – Айканың екінші атын «Тағдыр» деуге әбден болады. Тағдыр ма, талапай ма деп тағы ойлайсыз.

Әдебиет • 29 Сәуір, 2024

Бауырсақ керек, бауырсақ!

Әуезов кеңінен тоқталып жазуды армандап кеткен, ақын деп айқайлатып тақырып қоюға лайықты шайырдың бірі – Хамит Ерғалиев екені анық. Мұны ақын туралы мақаласында Ұлықбек Есдәулет жазыпты: «Ұлы Мұхтар Әуезов өмірден өтерінің аз-ақ алдында «Құрманғазы» поэмасының жалғасын оқып шығып: «Баяғы пікірім арықтаған жоқ, семірді. Алдымда шетелдерге сапарларым тұр. Содан оралысымен сенің осы дастаның туралы кеңінен толғап жазбақ ойым бар. Дастаныңдай өмір кеш!» деп құшақтаған екен», дейді Ұ.Есдәулет. Бүгінде есімі көп атала бермесе де, қазақ өлеңін бір биікке көтеріп, арнасынан асып-төгілген алапат ой мен сезімнің дүбірін Ерғалиев жырларынан табасыз. Сондықтан әңгіменің әлһамын осылайша Әуезовтің сөзімен бас­тап жатсақ, жастанып оқуға әбден лайықты шедевр шумақтар тақияңызға тар келмейді деп біліңіз.

Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Сан қырлы қаламгер

Астанадағы Ұлттық ака­де­миялық кітапханада Қа­зақ­­­стан­ның халық жа­­з­у­­шысы, Мемлекет­тік­­ сыйлықтың лауреа­ты­ Сәкен Жүнісовтің 90 жыл­­­­дығына арналған «Сан­ қырлы Сәкен сері» ат­ты ғылыми-тәжі­ри­бе­лік конференция өтті.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Төрт кітаптың тұсауы кесілді

«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің аясында төрт кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің «Тамыр» және «Абыздар амана­ты», профессор Серік Неги­мов­тің «Шешендік өнер», әдебиет сыншысы, публицист Амангелді Кеңші­лік­ұлының «Жүректің сөзі» кітаптары таныстырылып, авторлары еңбектерінің негізгі баянына тоқталып, оқырмандарына қолтаңба берді.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Қайталанбас Қаңлы жазбалары

«Түркістан облысынан табылған Қаңлы жазбасы орындалу форматы тұрғысынан қазақ тарихын жазба мәдениеті қалыптасқан ежелгі өркениеттермен теңестіреді» дейді археолог Александр Подушкин.

Мирас • 04 Сәуір, 2024

«Шежірелер жинағын» Ұлттық қорға тапсырды

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры жақында бірқатар көне мұрамен толық­қанын мәлімдеді Ұлттық орталық қыз­мет­керлері. Мажарстан универ­ситетінің докторанты, болашақ тарихшы, этнограф Назира Әбді­на­сырқызы Ұлттық орталық қорына атасының жеке қорында сақталған кітап­тарын тарту етті.

Мәдениет • 22 Наурыз, 2024

Бұрынғысы мұндай, бүгінгісі қандай?

Басқан жері сықырлаған Арқаның қысы Абайдың «Қыс» өлеңімен қатар, Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты таным туындысын еске салады. Қаңтар аттан ауып бара жатып «боз тоқтыда құйрық қалды, бозша қызда бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан!» деп ызалы аманат қалдырған деседі. «Мен елді титықтата алмадым, қалғанын сен тындыр» дегенін жазады жарықтық Ақселеу. Мұнша кәрленген ақпан оңай тиген жоқ биыл, «шықпа, жаным, шықпалаған» жұрт Ұлыстың ұлы күнін тағатсыздана күтіп отыр. Түнді бір жеңген Күн көтеріліп алған соң қоймайды, Наурыздан соң жаз деймін деп жаңа жылдан үміттенеді. Әлихан Бөкейханның «тірі болсақ, алдымыз – үлкен той» дегеніндей, жаңа жылдан, жарық таңнан үміттенбегенде қайтеді адам.

Мереке • 22 Наурыз, 2024

Жарықтың тойы – халықтың тойы

Биылғы Наурыз Қазақ даласына ерекше жағдайда енді. Елдің басым көпшілігі дәстүрлі де тарихи жаңа жыл­дың төбесі көрінер Ұлыс тойына аса мән берілерін Прези­денттің «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатынан күні бұрын білді. Егер мұндай елдік сана ұлт танымына ертеден сіңісті болмаса, бүгінде бұқараның көкірегінде сайрап тұрмаса, Мемлекет басшысы да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дүниеге әкелмес еді.