Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1928 материал табылды

Қоғам • 07 Қазан, 2022

Журналистер арасындағы жарыс

Халықаралық Тараз иннова­циялық институтының ұйытқы болуымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай бильярдтан БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылды. Бұл додада жас журналистер мен ардагер журналистер екі санат бойынша топқа түсті.

Экология • 06 Қазан, 2022

EcoStudentKZ: Жастар жұдырықтай жұмылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің белсенді жастары республика көлемінде өтіп жатқан EcoStudentKZ челленджін Екібастұз қаласының жастарынан қабыл алып, Тараздың орталық көшесі саналатын Төле би даңғылында орналасқан оқу орнының маңайын қоқыстан тазартты.

Аймақтар • 06 Қазан, 2022

Тараз – қолөнершілер шаһары

Жібек жолы бойында жатқан көне Тараз шаһары дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне еніп отыр. Ықылым заманнан бері сауда-саттықтың ордасына айналған, қолөнер шеберлерінің тамаша туындыларымен байырғы дәуірден-ақ талайларды тәнті еткен тарихи қаланың мұндай мәртебені алуы – заңдылық.

Экономика • 06 Қазан, 2022

Желден қуат өндіреді

Жамбыл облысында күн мен желден энергия өндіру кейінгі жылдары басты басымдықтардың біріне айналды. Қазір күннен және желден энергия өндіру мәселесіне өңірдің бірқатар ауданы айрықша назар аударып келеді.

Қоғам • 05 Қазан, 2022

Биыл 47 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысында өңірдің әлеуе­тін арттыру бағытында ауқым­ды жұмыстар атқарылып жа­­­тыр. Тек белгілі бір саланы ғана емес, барлық саланы өркендетудің ма­ңызды екені түсінікті. Осы орайда өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтің бас­тамасымен қол­ға алынған ілкімді істер өз нәти­жесін беруде.

Өнер • 04 Қазан, 2022

Мэлстің мұңы мен музасы

Оны жұрт кейде: «Құланның гимнін жазып кеткен композитор» деп жатады. Бірақ біздіңше «Келші, Құланға» әні – нағыз лирикалық ән. Оған ешкімнің дауы да жоқ шығар. Кезінде Мэлс Өзбековтің осы әні басқа бір азаматқа телініп те жүрді. Маңдайын Көкдөнентаудың самалына өптіріп өскен Мэлстің өзі өлсе де, өлеңі өлген жоқ. Өзбековтің өзін білмегендер әйгілі «Гауһартас» фильмінде шырқалған «Келші, айым» әнін біледі...

Театр • 04 Қазан, 2022

Шерағаң – сахна төрінде

Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұрта­заның 90 жылдық торқалы тойына орай өңірде көп­теген іс-шара өткізіліп жатыр. Асқар Тоқпанов атын­дағы облыстық қазақ драма театры да үнсіз қалмады.

Аймақтар • 03 Қазан, 2022

Саудагерлердің шығынын кім өтейді?

Көне шаһардағы жаңа базарда ала таңнан өрт шықты. Салдарынан отызға жуық нысан тілсіз жаудың құрсауында қалып, сау-тамтығы қалмай жанып кетті. Деректерге сенсек, өрт 600 шаршы метр аумаққа дейін жеткен. Шығынға батып шырылдаған халық облыстық әкімдіктің алдына келіп, өңір басшысымен кездеспек болды. Жан бағып отырған кәсібінен қас пен көздің арасында айырылып қалған жұрт шығынды кім өтейтінін білгісі келеді.

Аймақтар • 02 Қазан, 2022

Диқандар судан тапшылық көрген жоқ

Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысында вегетация кезеңінде жер емген диқандарды сумен қамтуда мәселе туған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 30 Қыркүйек, 2022

Оқушы жүрегіне жол тапқан

Өз уақытын аямай, шәкіртінің уақытын аялай білген ұстаздың орны – қашанда төр. Білім алушының зейінін ашу жолында бар күш-жігерін сарқа жұмсап жүрген ұстаздар өңіріміздің қай қиырында да жеткілікті. Алайда олардың дені түкпірдегі ауылдарда елеусіз ғұмыр кешіп жататыны бар.