Медицина • 10 Тамыз, 2022
Басы ауырып, балтыры сыздаған қараша халық мейірім мен қайырым күтіп, алдымен жедел жәрдем қызметін шақыратыны белгілі. Алайда алғашқы медициналық көмекті көрсетуге тиіс қызметкерлер ұдайы көрсетілген мекенжайға уақтылы жете бермейді. Содан да болса керек, жұрт әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметін сынауға бейім болып алды.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2022
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жұмыс бағыты негізінен «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. Осы жылы «IQALA» модулі арқылы да бірқатар саланың сервистерін автоматтандыру ісі жалғасын таппақ.
Сұхбат • 09 Тамыз, 2022
Гузалия Гафурова: Азия ойындарында үшінші рет топ жарғым келеді
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Шалғайдағы ауылда емес, облыс орталығы саналатын Тараз қаласында жағдай ушығып тұр. Ыбырайым Сүлейменов көшесінің аяқ тұсындағы төрт жүзге тарта тұрғын қай ғасырда ғұмыр кешіп жатқанын кім білсін? Жиырма бірінші ғасырдан қалып қойғаны анық... Әйтеуір, желсіз түннен жарық ай іздеп жүргендеріне жылдардың жүзі болған. Жергілікті атқарушы биліктің дәрменсіздігінен жалыққан жұрт: «Мәселеміз шешілмесе, алдағы күндері жолды жабатын боламыз» дейді...
Аймақтар • 08 Тамыз, 2022
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Өңірде цифрландыру бағдарламаларына сәйкес ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. «Smart City» жобасы, «Ақылды аялдамалар», «Бұлтты құжат айналымы», «Ата-ана бақылауы» жобаларын жүзеге асыру бойынша айтарлықтай жұмыстар қолға алынды. Дегенмен өңірде 11 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ.
Қоғам • 07 Тамыз, 2022
Жолда опат болғандар саны азаяр емес. Иә, осыдан біршама уақыт бұрын Күйік асуына жақын маңда 15 автокөліктің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам зардап шексе, бір азамат бақиға аттанып кете барған. Ал шілде айында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында болған жол апаты кезінде үш адам өмірмен қош айтысса, тағы үш азамат аурухана төсегіне таңылған еді.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2022
Ғасыр тұлпарының тағдыры немесе сәйгүліктің қасқа маңдайына тиген қамшы
Жылқы десе делебесі қозбайтын қазақ болмас. Әсіресе жүйрік ат, қыран бүркіт ер жігіттің жан серігі дейміз. Бірақ сөйте тұра ел болып әлпештеген жаратылысы бөлек тұлпарға сонша қатыгездікпен қастандық жасайтын қаскөй де өз арамызда... «Құлагерді» шабандоз баласымен шырылдатып қанға бөктіріп кете беретін баяғының Батыраштары әлі бар екен. Аламан бәйгеде алдына қара салмаған атақты сәйгүлік Самалдың тағдырымен танысып көрсеңіз, осыған көзіңіз жетіп, еріксіз тітіркеніп кетер едіңіз.
Қоғам • 03 Тамыз, 2022
Ауыр техниканы ауырсынбаған арулар
Ақ білекті, нәзік жүректі қыз баласының трактор айдап жүргені көп адамның көзіне қораш көрінетіні бар. Расында да, ер-азаматтар үшін қыз баланың ауыр техниканы тізгіндегені біртүрлі әсер ететін шығар. Алайда Әсел Ракаева өзі таңдаған мамандықты жанындай жақсы көреді.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Тексеру қорытындысы: Жергілікті билік неге асығыс мәлімдеме жасады?
Биыл 11 маусым күні Тараз аспанын қою түтін жапқаны белгілі. Оған Тараз қаласында орналасқан «Қазфосфат» ЖШС-ның минералды тыңайтқыштар зауытындағы абсорбердің моногидратты сорғысының істен шығуы себеп болған еді. Сол кезде көкжиекті торлаған түтіннен халық зардап шеге ме деген сауалды мамандарға жолдаған болатынбыз. «Жоқ!» дескен олар. Алайда олай болмай шықты...
Тарих • 02 Тамыз, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер жетіп артылады. Олардың басым көпшілігі көне Тараз топырағында жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде табылған.