Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
340 материал табылды

Қоғам • 19 Маусым, 2022

Әскери шабуылды тоқтатуға шақырды

Елордада Сирия жөніндегі Астана процесінің 18-ші кездесуі өтті. Кездесу екі күнге созылып, нәтижесінде, кепілгер-мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран бірлескен мәлімдеме жасады. Аталған елдермен қатар, іс-шараға Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция өкілдері қатысты.

Әлем • 17 Маусым, 2022

Үш «М»: «Байлықтың магниті» қай елде?

Көші-қон деректеріне сәйкес биыл Ресейдің 15 мыңнан астам дәулетті азаматы елінен біржола көшіп кетпек. Олар Владимир Путиннің Украинаға қатысты әрекетін қолдамайтындарын алға тартады. Қалталылар қай елдерге тұрақтамақ? Жалпы, қай мемлекет тұрақты қоныстануға қолайлы болып отыр?

Әлем • 17 Маусым, 2022

Соломон аралдары: ҚХР қауіпсіздік үшін қажет

Соломон аралдарының жоғары лауазымды шенеунігі «Бізге Қытай Халық Республикасымен арадағы келісім қауіпсіздігімізді қорғау үшін керек», деп мәлімдеді. Атап айтқанда, екі елдің қол алысқан шешімі Соломон аралдарының ішкі қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруімен күресудің мәселелерін қарастырады. Бұл бірқатар елді таңғалдырған жаңалық болды.

Қазақстан • 15 Маусым, 2022

Сайлау процесі: теория мен тәжірибе

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында елімізде сайлау процесін ұйымдастырушы қызметкерлерді оқыту курсы басталды. Теория мен тәжірибе қамтылған оқыту үш күнге созылады.

Әлем • 13 Маусым, 2022

АҚШ-та жанармай қымбаттады

Сенбі күні АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы ең жоғары инфляцияның негізгі драйвері болған америкалық бензин бағасы 5 долларға жетті (бір галлон 4,54 л). Елдегі автокөлік қауымдастығының ақпаратына сәйкес, баға 4 центке қымбаттаған.

Әлем • 12 Маусым, 2022

Қытай-Камбоджа: Достық қай елге тиімді?

Қытай әскерилері Камбоджа әскери-теңіз базасын қажетіне пайдаланбақ. «Вашингтон Пост» газетінің хабарлауынша, олар өздеріне бөлінген теңіздің бір бөлігін ғана іске жаратады. «Екі ел арасындағы келісім АҚШ-ты алаңдатып қойды», дейді сарапшылар. Ал Қытай Камбоджаның ең ірі әскери-теңіз базасындағы үлесінен нені көздеп отыр?

Әлем • 12 Маусым, 2022

Қақтығыста қаза тапқан шетел журналистері көп

Өткен демалыс күндері Франция Украинадағы әскери қақтығыста қаза тап­қан журналиспен қоштасты. Па­р­ижде әскери тілші Фредерик Лек­лер-Имоффты соңғы сапар­ға мыңдаған көрермені мен әріп­тесі шығарып салды. Ол – Ук­раинада қызметтік борышын өтеп жүріп көз жұмған сегі­зінші шет­ел журналисі. Майдан ала­ңын­да қызмет бабымен жүрген БАҚ өкілдерінің құқығын кім қор­ғай­ды? Украина билігі не дейді?

Президент • 10 Маусым, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің мақсатымыз – инновацияларды дамыту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төраға­лы­ғымен Шетел инвесторлары ке­ңесінің 34-ші пленарлық отыры­сы өтті. Ірі трансұлттық ком­па­ниялар, мемлекеттік орган­дардың басшылары мен халық­аралық ұйымдардың өкілдері қа­тыс­қан жиында экономиканы көміртегінен арылту ісін дамыту және көміртегін аз пайдалану технологияларын енгізу мәселелері қаралды.

Әлем • 10 Маусым, 2022

Сынын бермеген Елизавета патшайым

Биыл ІІ Елизавета патшайымның таққа отырғанына 70 жыл толды. Ұлыбритания тарихи оқиғаны ресми түрде атап өтіп, елде арнайы төрт күн демалыс берілді. Ппатшайым елді қалай басқарып отыр? Британдықтардың корольдік отбасына деген көзқарасы қандай?

Әлем • 10 Маусым, 2022

Қойма толы астық ысырап болатын түрі бар

Украина астықты өзге елдерге шығара алмай отыр. Соғыс кесірінен ел дипломатиялық және логистикалық қиындық­тарға тап болды. Қоймалар толып, астықаяқ асты болды деп фермерлер жанайқайын кімге айтарын білмей отыр.