Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
244 материал табылды

Руханият • 24 Тамыз, 2022

Толстой күнделігі

Адамның бір аты – күрес­кер. Шын күрескер ғана же­ңіс­ке жете алмақ. Үнемі өз-өзіңе есеп беру, өзіңді сын тезіне алу, өзіңді жауапқа тартып тергеу, мұның бәрі нағыз күрескердің ісі. Мұнсыз өмір ұйығына жұтылу оңай. Жеке ізденіс бойынша ұғынған дүние осы: ішіңдегі күресті тоқтату – өмірді тоқтатумен бірдей.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2022

Бөкейханов аудармасы

Қайбір жылы Әлихан Бөкейхановтың көп томдықтарының ішінен Оскар Уайльдтың жұлдызды бала жөнінде ертегісін оқып, қол соққамыз. Ұлт көсемінің білімі, әрлі тілі мен қоңыр аурасы бөлек сезім қалдырған. Енді, міне, Ги де Мопассаннан аударған әңгімелері де қолға түсті.

Өнер • 17 Тамыз, 2022

Бетховеннің өмірі

Бірнеше уақыт бұрын қолымызға түскен Ромен Ролланның «Бетховеннің өмірі» атты кітабы бізді қызықтырған. Бетховеннің шалт, шәлкес мінезі, паңдығы, парасаты еліктірген. Ол бейне бір басқа кеңістікте өмір кешердей, басқа дәуірде жүретіндей. Өзі жасаған өміршең әлемінде.

Әдебиет • 15 Тамыз, 2022

Шираз бұлбұлы

Аударма өлеңді оқу – жасанды гүлді иіскегенмен бірдей. Аударылған жыр түпнұсқадағы телегей сезімді толық сақтап тұра алмайды. Бірақ кейбір тәржіманы оқығанда, автордың өзімен жолыққандай адуын көңіл күйді бастан кешесіз. Әбірәш Жәмішевтің Хафиз ғазалдарын жоғары шабытпен, асқан ыждаһатпен аударғаны байқалады.

Өнер • 14 Тамыз, 2022

«Балапан қаздың» тарихы

Халық әндері ішінде әуезімен, жалпақ даладай кең атмосферасымен санада қалып қояр тұнығы болады. Тіпті көңілде жатталып қалып, көпке дейін естен шықпай жүретіні де бар. Сол әннің бірі һәм бірегейі – «Балапан қаз». «Балапан қаз» біршама уақыт халық әндерінің құрамына еніп, авторы жайлы, тарихы жайлы сөз қозғалмай келді. Алайда кейінгі жылдары жүрек шаншытар әуезді саз терең зерттеліп, шығу тарихы жайлы нақты мәлімет айтылып жүр.

Әдебиет • 09 Тамыз, 2022

Айбергенов күнделігі

Күнделік жазу ісі барлық ақынға тән құбылыс емес. Жан сөзін тек поэзияға не прозаға ғана ақтаратын қаламгерлер жетерлік. Пушкин күнделігі, Мұқағали күнделігі деген ұғымдар бар. Ал небәрі бес-алты бетті құрайтын Төлеген Айбергенов күнделігінен дербес ойлар мен ақынның ішкі дүниесінің арпалысын көруге болады. Кемеңгер Әбіш тілімен сөйлесек, ақын «қысқа ғұмырында тек сол көруге, өмірді түйсіну мен түсінуге ғана арнаған тәрізді. Ол осынша аз ғұмырының ішінде өмірдің пендені қашан ажал аузына апарғанша айтпайтын, танытпайтын сыры мен сипаттарын қалай түсініп, қалай түйсініп үлгерген! Оның өмірді білуі, адамды білуі, табиғатты білуі неткен терең!»

Руханият • 08 Тамыз, 2022

Сана өткелдері

Абай • 05 Тамыз, 2022

Бір ғылымнан басқаның...

Жер жаралғалы омартадай азынаған алуан пікірлер шоғыры қоса жаралды. Пікірлердің дені адамның өзін іздеуге жолға шығуға үндейді. «Философияны көктен жерге түсірген» Сократ «Өзіңді таны» деді. Абу-ль-Фарадж: «Дана­лықтан ада жүрек – өлік жүрек. Ал оны ғылыммен байытсаңыз, ол семген баққа жауын жауғандай қайта тіріледі» деді. Әл-Фараби: «Бақыт – кемелдікке ұмтылу» екенін айтты. Борхес: «Әр адам жұмақты әртүрлі бейнеде қиялдайды, ал мен оны бала күннен кітапхана кейпінде елестетемін» деді.

Өнер • 02 Тамыз, 2022

Жанкештілік

Өнер мен жанкештілік бір ұғым іспетті. Жанкештілік жоқ жерде өнер адамының өрісі жіңішкермек, тынысы тарылмақ. Қайбір жолы Мұхтар Әуезовтің өмірдерегіне көз жүгірте отырып, қуғын-сүргін мен мехнаттан көз ашпаған жылдарына куә болдық. «Апыр-ай, осындай аласапыран дәуірде, керуені кері айналған заманда қалайша кесек-кесек, қадау-қадау шығармалар қалдырған?» деген ойға қалғанбыз. Бақсақ, мұның астарында жанкештілік атты алып ұғым жатыр.

Әдебиет • 01 Тамыз, 2022

Магиялық реализм

«Магиялық реализм» терминін алғаш рет неміс өнертану­шысы Франц Ро сурет өнеріне қолданды. Одан соң Ортега-и-Гассет магиялық реализмнің әдебиеттегі орны жайлы сөз қозғады. Латын Америкасы прозасында XX ғасырдың орта тұсында термин бірегей бағытқа айналып, әлем оқырмандарының жоғары қызығушылығына ие болды.