Таным • 12 Маусым, 2024
Адам мінезі әртүрлі. Швейцариялық психолог Карл Густав Юнг мінезді зерделей келе, экстраверт адамдар мен интроверт адамдардың анықтамасын жасаған-ды.
Әдебиет • 07 Маусым, 2024
Пушкин... Алып та алып, ақын да ақын. Бір халыққа Пушкин секілді еңбек сіңіру – мыңнан бір ғана таланттың ісі. Сірә, мұндай жаратылыс сирек болар.Алып шайырдан кейін келген көш-көш ақын оның шәкірті іспетті. Өткен мен болашақтың аурасын сіңіре білген сара талант бойын тербеген барлық сәттің ескерткішін қалдырғандай. Солайша қарапайым бола тұра күрделі, ескі бола тұра жаңа ұғымдарды дүниеге әкелді. Достоевский «Пушкин туралы сөзінде»: «Мүлде оқыс һәм қайталанбас орыс рухының құбылысы», «орыс адамы ол шыққан межеге мүмкін екі жүз жылдан соң ғана жете алар» деген салмақты ой қорытады.
Таным • 06 Маусым, 2024
Өмірдің басты мұратының бірі – кемелдікке ұмтылу десек, сол жолда таңғажайып сырлар ашылады. Зигмунд Фрейд айтқандай, адам –қалыптасып бітпейтін жаратылыс. Шыңдала бересіз, шыңдала бересіз, шыңдалудың шеті мен шегі жоқ.
Таным • 05 Маусым, 2024
Қайбір тұлғалар елі бөлек, ұлты жат болса да, туысың секілді жанға жақын. Ара-тұра ойлап, іздеп тұрасың. Жан үндестігі ме, әлде өмір бойы өзін азаптап ақиқат шуағын іздеген аяулы тұлғаға деген махаббат па, белгісіз. Сондай көңілдегі тұлғалардың бірі – Паскаль.
Әдебиет • 04 Маусым, 2024
«Суретің қандай, сүтті іңір...»
Шын ақын – ұлттық ақын. Әлем әдебиетін ақтарған сайын бұған көзіміз анық жете түсуде. Ал ұлттық ақынның басты ерекшелігі қоңыр жанында, үстем рухында. Қазақтың жаны кейде дүлей, кейде «насыбайға бола өкпелер» назды, кейде қылдан да нәзік. Бір сөзбен айтқанда, аяулы жан.
Таным • 30 Мамыр, 2024
Мәдениетпен бірге жан отарланады, мінез өзгереді. Жаһандану үрдісі еркін жайылған уақытта ғаламтор арқылы кез келген ел өнері қолжетімді. Бақсақ, қоғамдағы жастардың мінезі әртүрлі. Шетел әндерін үзбей тыңдап, киносына құныққан ұлдар қоңыр мінез бен арынды айбаттан ауытқып, дарақылыққа бейім бола бастағандай.
Таным • 24 Мамыр, 2024
Жер жаралғалы ғалымдардың есебінше, 3,8 миллиард жыл өтті. Ғасырлардан ғасырларға, замандардан замандарға жалғасқан салқар көштің легі толастамады. Егер жобамен ойлап қарасақ, жер дегеніміз – қабірге толы сандыққа ұқсайды. Ай, жұлдыз, құйрықты жұлдыз, зауза, ғаламшарлар – бәрі-бәрі, әрбір адам көкірегіне «Кімнен?» «Неге?» «Не үшін?» секілді сауал түймелерін қадаған-ды.
Таным • 22 Мамыр, 2024
Сопылық даналықтағы өрнекті оқиға бүй дейді: Ертеде періштелер бақытты қайда жасыру қажетін ақылдасыпты. Бірі тауды, бірі теңіз түбін, бірі алыс саланы нұсқапты. Бірақ адам баласы болашақта еңбек шыңына жетіп, бұл жердің бәрін оңай еңсереді деп, басқа тұсқа жасыру ұсынылыпты. Сонда көпті көрген көреген періште «бақытты адамның өз ішіне жасырайық, адам баласы оны дүниені кезіп іздейді, бірақ өз ішінде екені қаперіне де кірмейді» деген екен. Солайша бақыт ұғымы адам ішіне жасырылыпты деседі.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Ең үлкен еңбек – ақыл-ой еңбегі. Дамыған елдер ақыл жұмысын алтынға балап, дарындыны дүние үшін алаңдатпай, өз ісіне бас қоюға мейлінше мүмкіндік жасап отыр. Ал талантты ерге ынта қосар Нобель сыйлығының дабылын адақтап жатудың өзі артық.
Оқиға • 15 Мамыр, 2024
Қазақ ерінің тұрпаты қашан да жәрдемге асық, мейірім етуге даяр, батыр болмысты болып келеді. Даласы шалқар, құс қанаты талар кең жеріміз бабалар айбынының айғағындай.