Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
244 материал табылды

Әдебиет • 14 Мамыр, 2024

Ақыл патшасы

«Кабуснамада» ақылды екіге бөледі: тума ақыл, кәсіби ақыл. Тума ақыл – Жаратқаннан берілген, ата-баба генінен түзілген ақыл. Ал кәсіби ақыл – кісінің өзі ізденіп оқыған, түйген, түйсінген ақылы. Кейбір адамдар көп кітап кеміріп жатпаса да, тума ақылы арқылы дараланып тұрады. Тума ақылы мен кәсіби ақылы қосылған адам данышпан болады дейді кітап. Мәселен, 26 жастағы Пушкинмен жүздескен Николай патша: «Бүгін мен Ресейдің ең ақылды адамымен кездестім!» деген-тін. Әрине, 26 жастағы ақынның кәсіби ақылы кемеліне келген деу жаңсақ, мұнда тума ақылдың сәулесі меңзелсе керек. Ал 25 жасында-ақ «Жас Вертердің қасіреттерін» жазған Гетенің Құдай берді ақылына ешкім шәк келтіре алмас. Шәкәрім: «Алланың берген ақылы бұл қазақтан бөлек дана кісі еді» деп еске алады хакімді.

Әдебиет • 13 Мамыр, 2024

Алып

Алып – мәңгі жасыл ой иесі, ақыл көкжиегі ауқымының кеңдігі, мол қуат, тумыс биіктігі. Кез келген уақытта маңызын жоғалтпас салмақты шығармалар иесі. Шексіз ұстындарға жалғасушы.

Таным • 11 Мамыр, 2024

Құнды сурет құпиясы

Сурет – үнсіз хабаршы, сурет – ескіден сыр тасушы. Әр тұстан табылған көне суреттер санамызда жаңа кеңістік ашып, ойымызды байытады. Әсіресе мәдениет пен әдебиеттегі алып­тарымыздың бізге жеткен жарқын бейнесі таптырмас құн­дылық.

Әдебиет • 15 Сәуір, 2024

Көңіл төріндегі қоңыр саз

Шынайы қазақ қаламгерінің жаны бірде «Қосбасарға», бірде «Сарыарқа», бірде «Сарыжайлауға» ұқсас. Бір қызығы, ұлттың қоңыр жаны кескекті ердің сойындай бұрқанып, мұхиттай кемерінен тасыса да қанға сіңген ар қағидатынан, ұят шекарасынан тысқары шықпайды. Жат жұрт мінезінен жұққан дарақылық, даңғой дүмбілездік оған жат.

Таным • 09 Сәуір, 2024

Түс

Өмір деген тұңғиықтың түбінде жүрген әр жан лабиринт секілді тарам-тарам тылсым түріне куә болады. Бақсақ, адам өмірінің көп бөлігі ой арқылы, ой жайлауында өтеді.

Көрме • 08 Сәуір, 2024

Дала дидары

Жұрт көрмегенді көңілмен оқитын суретшілер қауымы ел рухының шежіресін кескіндеп келеді. Қарт тарихтың түбінен сыр қозғаған сара таланттар әр құнды сәтті болашақ сарайына тасушы көпір іспетті.

Әдебиет • 04 Сәуір, 2024

Ұлт қаламгері

Өмірге келген дарынды адам ерте күннен-ақ басын тауға да, тасқа да ұрып ізденері хақ. Сол бір ты­нымсыз ізденіс үстінде Руми болып ұйықтап, Бай­рон болып оянып, сан түр­лі көңіл күйді бастан ке­шіреді. Сүрінеді, адаса­ды, соңында алдынан бір мұзарт­тың сұлбасы мұнар­тады. Ол – ұлттық мұ­зарт, аласармас ұлт­тық биік.

Таным • 27 Наурыз, 2024

Мінез

Әл-Фараби «мінез – жан айнасы» деді. Қазақы ұғымда мінезі жақсы адам­ды «ішіне кеме жүзетіндей кең», «мінезі төр жайлаудай», «кө­ңілі көлдей шалқыған жан» деп әс­пет­теп жатады. Шынында, мінез адам тағ­дырына тікелей әсер етуші күшке ие.

Архив • 19 Наурыз, 2024

Қолжазбаларын архивке өткізді

Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, прозашы, сазгер, ақын Қадыр Әлім­құлов­тың жеке тек қоры ашылды.

Мәдениет • 19 Наурыз, 2024

Үйлесім

Ұлттық киім күні – руханиятымыз үшін келелі оқиға дер едік. Ал ұлттық нақыштағы киімдерді өмір салтымызға енгізу – елдік сезімімізді асқақтатар бірден-бір үрдіс. Баба жоралғысын сақтау арқылы ұрпақ санасы дәстүрмен үйлесім табары сөзсіз.