Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Білім • 03 Қараша, 2021

Магистратура мен докторантураға түсуге екінші мүмкіндік

Жаздыгүні жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудан түрлі себеппен қалыс қалған талапкерлерге жаңа мүмкіндік туып тұр. Биыл алғаш рет магистратура мен докторантураға бір жылда екінші рет құжат тапсыруға болады. Кешенді тестілеуге құжат қабылдау 1 қарашада басталды.

Бизнес • 29 Қазан, 2021

Кәсіпкерлерге инвестор табуға мүмкіндік береді

«Болашақ» қауымдастығы жұмысын жаңа бастаған кә­сіп­керлерді қолдамақ. Қолдауға ие болу үшін кез келген Қазақстан азаматы қауымдастық жариялаған рес­пуб­ли­ка­лық бизнес-жобалар байқауының бесінші мау­сы­мына қа­тысып, жұмысын ұсынуы керек. Бұл туралы Орталық ком­му­никациялар қызметі алаңында айтылды.

Тарих • 27 Қазан, 2021

IX-XI ғасырлардағы Қимақ қорымдары табылды

Отандық ғалымдар IX-XI ғасырлардағы қорымды тапты. Құнды қорым Павлодар облысы Байдала ауылының маңынан жүргізілген археоло­гиялық жұмыстар барысында табылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Білім • 25 Қазан, 2021

Оқу дәстүрлі форматта жалғасады

Биыл барлық білім беру ұйымында оқыту негізінен дәстүрлі форматта бас­талды. Санитарлық талаптар сақталып, штаттық режімдегі оқыту бұдан былай да жалғасады. Дегенмен арасында ата-анасының өтінішімен аралас форматта білім алып жүрген оқушылар да бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Білім • 25 Қазан, 2021

Білімдіні қолдау – болашақты ойлау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында халықаралық білім бәйгелерінен жүлде алған озат оқушыларға бір реттік ақшалай сыйақы беруді, гранттар тағайындауды тапсырған еді. Мәселе қалай шешімін таппақ? Ақшалай сыйақының көлемі қанша? Грант қандай оқу орнынан беріледі?

Білім • 19 Қазан, 2021

Ел ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласы әрдайым қоғамның алдында жүруі керек екенін айтты. Барлық салаға маман даярлайтын білім беру жүйесі өзгеден көш ілгері болуы үшін әрдайым болашақты алдын ала болжап, алда қандай маманның тапшы немесе сұраныста болатынын бағамдай білуі тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарында 300-ден аса жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Демек осыншама жаңа мамандыққа жол ашылды деген сөз. Бұл қандай мамандықтар? Шынында да елдің ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?

Білім • 19 Қыркүйек, 2021

Миллион оқушыға мектептен орын таба аламыз ба?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жолдаған Жолдауында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін көтерді. Осыған қатысты шұғыл шара қабылданбаса, 2025 жылға қарай 1 млн оқушы орын таппай қалуы мүмкін.

Білім • 01 Қыркүйек, 2021

Білім күнін оқу ордасында қарсы алды

Бір жарым жылдық қашықтан оқытудан кейін білім алушылар оқу ордасына барды. Көптен күткен Білім күнін барша оқушы мен студенттер білім беру ұйымында қарсы алды. Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар бірінші кітабы – «Әліппені» салтанатты түрде қолға алды.

Білім • 27 Тамыз, 2021

Ғалымдар екі аталым бойынша грант иелене алады

Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына үміткерлерден өтінімдер қабылданып жатыр. Журналистік сауалдамадан біршама ғалымның дәл осы грантты олардың да алуына болатынынан бейхабар екенін білдік. Сонымен бұл қандай конкурс, оған ғалымдар мен зерттеушілер қалай қатыса алады?

Білім • 23 Тамыз, 2021

Жалақы өсті, мұғалім біліктілігі арта ма?

Бас басылымға базынасын айтып, араша сұрайтындар болады. Қайбір жылы редакциямызға сондай ниеттегі бір педагог іздеп келіпті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жазған айыптауға толы арызды оқығанда оның оқушыларын аяп кеттік. Себебі 2,5 беттік жазбада лексикалық жағын былай қойғанда, грамматикалық, пунктуациялық қателері көзге ұрып тұрған еді.