![Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ](/media/2023/10/03/165212049100.webp?width=300&height=300)
Білім • 24 Қараша, 2020
BALA QORǴAÝ проблеманы жедел анықтайды
Қазақстан кейінгі уақытта бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінен бой көрсетіп келеді екен. Бұл туралы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай өткізілген брифингте айтылды.
Білім • 19 Қараша, 2020
«Бұлтты бухгалтерия» ашықтыққа бастайды
2021 жылдың басынан бастап Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдары «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшуді бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Білім • 18 Қараша, 2020
Бірқатар сыныптар штаттық режімде оқытылады
Жаңа оқу жылы басталғаннан бері кезекші сыныптарда білім алып жатқан 302 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 456 бала коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ІІ тоқсанға қатысты өткен брифингте айтылды.
Оқиға • 18 Қараша, 2020
«Ғалымтану» бағытындағы жобамыздың кезекті кейіпкері Самалбек Оразбайұлының айтуынша, жастар арасында, әсіресе студенттерде дұрыс тамақтанбаудың кесірінен түрлі ауруларға шалдығу жайы көп кездеседі екен. Себебі олар тез дайындалатын тағамдар мен жарнамасы жақсы жүріп тұрған чипсы секілді құрғақ өнімдерге құмар. Осы мәселені өз бетінше шешуді көздеген ғалым біраз ізденіс пен жастар денсаулығына деген жанашырлықтың нәтижесінде қауыннан чипсы жасап шығарды.
Медицина • 18 Қараша, 2020
Мидың вирустан қорғануына белгі береді
Ішек жолдарының реакциясы немесе қарапайым тілмен айтқанда, бұзылуы мидың вирустан қорғана бастауының белгісі екен. Яғни ішек жолдарындағы реакция қандай да бір вирустың миға енгісі келетінінен хабар береді. Ғалымдардың тәжірибесі осындай қорытындыға әкелген.
Ғылым • 18 Қараша, 2020
Ғылым қаржыландыруға тікелей тәуелді. Әлемдегі алпауыт елдерде, анығы ғылымы жолға қойылған мемлекеттерде ғылыми жобаларды тұрақты түрде қаржылай қолдап отыратын ірі кәсіпкерлік қауымдастықтар жұмыс істейді. Елімізде осындай механизмнің негізінде енгізілген арнайы норма бар, соған сәйкес шикізат өндірісімен айналысатын кәсіпорындар табысының 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға, қолдауға бөлуі тиіс. Бірақ бұл талап толық орындалмай отыр.
Білім • 12 Қазан, 2020
Еліміздің бас басылымы алғашқылардың бірі болып «әліппе» оқулығының оралатынын сүйіншілеген еді. Бар кітапқа бас болған «әліппенің» енді қандай нұсқада, қашан және қай әдістеме, қайсы мазмұнмен қайтарылатыны көпшілікті алаңдатып отыр. Осы орайда газетіміз қоғамда туындаған көкейкесті сұрақтарға жауап табу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Әліппе» қалай оралады?» атты талқылауда сала мамандары мектеп бағдарламасына қайта енгізілетін оқулықтың олқылықтарын болдырмау жолдарын қарастырып, өзекті сауалдарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Оқырмандарға онлайн режімде өткен іс-шараның жазбаша нұсқасын ұсынамыз. (Тақырыпқа арналған мақаланы төменнен оқисыздар)
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Мектеп кітапханашыларының міндеті неге нақтыланбаған?
Мектептегі кітапханашы – оқушының зейінін ашатын, әлемдегі миллиондаған кітаптың ішінен әр баланың жеке табиғаты мен қызығушылығына қарай керегін табатын, рухани тұрғыдан дамуына бағыт беретін адам. Білім беру ұйымдарында кітапханашы болу үшін адамдар педагогикалық колледжде немесе жоғары оқу орнында 4 жыл оқып, маманданады. Ал осындай тұлғаның мектепте еден жуушы, көмір тасушы секілді шаруашылық қызметкерлер қатарына жататынын, соның салдарынан 20 жылға жуық еңбек өтілімен, жоғары білімімен жарымайтын жалақыға жұмыс істеп жүргенін білеміз бе?
Қоғам • 07 Қазан, 2020
Жатақхана тапшылығы қашан жойылады?
Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарының саны артып келеді. Грант пен студент көбейген сайын жатақханада орын жетіспей жатыр. Бұл мәселе 2022 жылдың соңына дейін толығымен шешілуі тиіс. Жоспар солай. Ал жоспардың орындалу жайы қалай?
Ғылым • 24 Қыркүйек, 2020
Отандық ғылыми журналдар халықаралық базаға енгізілді
Әлемде әр елдің ғылыми әлеуеті халықаралық базалардағы журналдарымен, ал ғалымдардың еңбегі халықаралық базалардағы журналдарға жарияланған мақалаларымен өлшенеді. Жақында 12 қазақстандық ғылыми журнал Web of Science мәліметтер базасына және тағы 5 журнал Scopus-қа енгізілді. 2011-2019 жылдар аралығындағы «Web of Science» мәліметтер базасының бірінші квартилі бойынша, Қазақстан ең беделді журналдардағы мақалалар мен шолулар саны жөнінен 122-орыннан 87-орынға көтерілді.