Спорт • 05 Маусым, 2023
АҚШ-тың Арканзас штатының орталығы – Литл-Рок қаласында теннистен «Челленджер» санатындағы турнир аяқталды.
Футбол • 05 Маусым, 2023
Жерлесіміз – үздіктер қатарында
Футболдан Ресей чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Санкт-Петербургтің «Зениті» бас жүлдені олжаласа, Мәскеудің ЦСКА-сы мен «Спартагі» күміс пен қола медальды иеленді.
Спорт • 05 Маусым, 2023
Екі елдің ғана әнұраны шырқалды
Тәжікстанның астанасы – Душанбеде өткен Гран-при додасын Қазақстанның дзюдошылары екі қола медальмен қорытындылады.
Жекпе-жек • 05 Маусым, 2023
Жаз айларында аралас жекпе-жектен бірқатар халықаралық турнир өтеді. Отандық «NAIZA», «Алаш Прайд», «Octagon» және басқа да промоушендері елімізде тартысты бәсекелер ұйымдастыруды көздеп отыр. Олардан бөлек, шет мемлекеттерде жалауы желбірейтін дәстүрлі жарыстар тағы бар. Осы дүбірлі додалардың барлығында еліміздің спортшылары бақ сынайды.
Спорт • 04 Маусым, 2023
Бішкекте өтіп жатқан Қожомқұл Қабауұлы мен Ратбек Санатбаевты еске алуға арналған рейтингтік турнирді Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады.
Теннис • 04 Маусым, 2023
Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде еліміздің бірде-бір теннисшісі қалмады.
Спорт • 04 Маусым, 2023
Астанада күресетіндер анықталды
16-18 маусым аралығында дзюдодан Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023 турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Спорт • 04 Маусым, 2023
Филиппиннің бас шаһары – Манилада өткен Азия чемпионатында Қазақстанның көркем гимнасшылары табысты өнер көрсетіп жатыр.
Жекпе-жек • 02 Маусым, 2023
23 маусымда Алматыда Ural FC пен Naiza промоушендері бірлескен турнир ұйымдастыруды көздеп отыр. Сол жарыстың басты жекпе-жегінде ресейлік Вячеслав Дацик пен біздің Ғалымжан Жасыланов күш сынасады. Екеуі де еңселі және аса ауыр салмақты жігіттер. Сол себепті де барша жанкүйерлер аталған қос алыптың айқасын тағатсыздана күтіп отыр.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2023
Санжар ДОСЖАНОВ, еркін күрестен Азия чемпионы: Тер төккенге бағынбайтын белес жоқ
Осыдан шамалы уақыт бұрын Астанада өткен Азия чемпионатында еліміздің еркін күрес шеберлері толағай табысқа қол жеткізіп, төрт бірдей өреніміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Бас жүлде олжалаған балуандар арасында Санжар Досжанов та бар. Сол күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналған жанкүйерлер 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен 23 жастағы жерлесіміздің өрелі өнеріне тамсанып, құлшына қол соққаны есімізде. Жақында Санжармен әңгімелесудің сәті түскен еді.