Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 25 Шілде, 2022

Қазақстандықтар ТМД құрамасы сапында қатысып еді

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 25 шілдесінде Испанияның Барселона қаласында XXV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада 169 мемлекеттен келген 9 356 саңлақ сайысқа түсіп, олар 32 спорт түрі бойынша 257 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың ашылу салтанаты Каталониядағы Монтжуик жотасында орналасқан, қыршынынан қиылған ірі саяси тұлға Льюис Компанистің есімі берілген ғаламат олимпиадалық стадионда өтті.

Спорт • 21 Шілде, 2022

Жылдар бойы жаңармаған рекордтар

Бүгінде Юджинде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осы жаһандық дүбірлі дода кезінде осы спорт түрлерінен жасалған және көп уақыт мұрты бұзылмай келген рекордтарды оқырмандардың жадында тағы бір жаңғыртқанды жөн көріп отырмыз.

Спорт • 19 Шілде, 2022

Рыбакина үздіктер тізімінде

Таяуда Relevant | Tennis Stats & Info порталында 2022 жылдың басынан бері ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі жарияланды. Солардың қата­рында қазақстандық Елена Рыбакина да бар.

Спорт • 18 Шілде, 2022

Семсерлесушілер сенімді ақтай ма?

Өткен сенбіде Мысырдың бас шаһары – Каирде семсерлесуден әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынап жатқан дүбірлі додада Қазақстанның 15 өрені өнер көрсетуде. Әдеттегідей олар бір аптадан аса уақыт бойы 12 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Спорт • 15 Шілде, 2022

Агапова АҚШ-та айқасады

Әйелдер арасында аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның жалғыз спортшысы Мария Агапова өзінің келесі кездесуін 1 тамызда өткізеді.

Спорт • 15 Шілде, 2022

Азия чемпионаты басталады

15-25 шілде аралығында Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қа­зақ елі намысын 21 спортшы қорғайды.   

Спорт • 15 Шілде, 2022

Луценко –тоғызыншы орында

«Тур де Франс» көпкүндігінің 11 ке­зеңі Нидерландтың Jumbo-Visma клубының сапындағы даниялық велошабандоз Йонас Вингегордың жеңісімен аяқталды.

Спорт • 15 Шілде, 2022

Ең көп жалақы алатын бапкерлер

Биылғы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында футболдан Қатарда өтетін XXII әлем чемпионаты қарсаңында ең көп жалақы алатын бас жаттықтырушылардың тізімі жарияланды. Бұл көшті Германия құрама командасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик бастап тұр.

Спорт • 14 Шілде, 2022

Хорватияға кімдер барады?

Бүгін Хорватияның астанасы – Загребте дзюдодан Grand Slam турнирі басталады. Соңғы кездері сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасы үшін бұл кезекті сынақ. Өткен аптада Будапешттегі жарыста тас-талқан болып ұтылған жерлестеріміз осы жолы өз жанкүйерлерін қуантады деп үміттенеміз.

Спорт • 14 Шілде, 2022

«Ақтөбе» алға шықты

Сейсенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегеріл­ген екі кездесуі өтті. Көпшілік Түркіс­тандағы «Тұран» мен «Ақтөбе» ара­сын­дағы ойынға баса назар аударды.