Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 16 Наурыз, 2022

Тегерандағы табысымыз толағай

Таеквондодан Иранның бас шаһары – Тегеранда өткен халықаралық турнирлер сериясы өз мәресіне жетті.

Спорт • 16 Наурыз, 2022

Азаренкодан айласын асырды

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстанның қос теннисшісі – Александр Бублик пен Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде.

Спорт • 16 Наурыз, 2022

Амманда 44 жүлде алдық

Кеше Иорданияның астанасы – Амманда бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды.

Сұхбат • 15 Наурыз, 2022

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов: Қоғамға керексіз болғаныма қынжыламын

Қазіргі кезде көпшілік көзінен таса қалып, қарапайым ғана тіршілік кешіп жатқан Алмас Өтешовтің спорт саласында біраз белесті бағындырғанын жұрт жақсы біледі. Ол – әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген қазақтың тұңғыш ауыр атлеті. Алмас 2013 жылы Польшаның Вроцлав қаласында күміс медальды мойнында жарқыратты. Осы жетістігінің арқасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Өтешовке дейін бұл мәртебелі атақ бірде-бір қандасымызға бұйырмаған еді. Дәл осы нәтижені келесі жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында қайталады. Бірақ осы жарыстан кейін қандасымызға «допинг қолданды» деген айып тағылды. Соның салдарынан ол Америкада жеңіп алған жүлдесінен айырылып қана қоймай, үлкен спорттан төрт жылға шеттетілді.

Спорт • 14 Наурыз, 2022

Татамидегі табысымыз қашан еселенеді?

Дзюдо күресі Күншығыс елінде ХІХ ғасырдың соңында пайда болғанымен, ол тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана әлемнің көптеген елінде кеңінен қанат жайды. Жапондар оны дамыту үшін барын салды. Жүйелі түрде насихат жұмыстары жүргізіліп, қысқа ғана мерзім аралығында өздері ойлап тапқан өнерді халықаралық аренаға алып шықты. Нәтижесінде, 1956 жылы Токиодағы әйгілі Кuramae Kokugikan спорт кешенінде тұңғыш рет әлем чемпионаты ұйымдастырылса, 1964 жылы ол Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. Бүгінгі таңда Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) – барлық бес құрлықтағы 198 мемлекеттің ұлттық федерацияларының басын біріктіріп отырған әлемдегі ең белді спорттық ұйымдардың бірі.

Спорт • 10 Наурыз, 2022

Еңсе тіктейтін кез келді

Кеңес Одағы дәуірінде Қазақстанның еркін күрес шеберлері толағай табысқа қол жеткізе алмады. Оны мойындауға тиіспіз. Мәселен, 1945-1992 жылдар аралығында 47 мәрте желбіреген КСРО чемпионаттарында жерлестеріміз небәрі 8 алтын, 10 күміс және 12 қола медальды еншіледі. Барлығы – 30 жүлде. Сол тұста Ресей, Украина және Беларусьтің балуандары талай биік белестерден көрінді. Қарсы келгендерді қоғадай жапырған Қап тауының өкілдері де өздерінің мықтылығын түбегейлі мойындатты. Ара-тұра Балтық жағалауы елдерінен де арынды апайтөстер шықты. Бірақ бізге ондай бақ бұйырмады. Күрестің бұл түрінде қазақтың бір несібесі кем болғаны анық.

Спорт • 10 Наурыз, 2022

Ақ жол, Артем!

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең үздік бес промоушеннің бірі – Ресейдің АСА лигасы алдағы айларда жеңіл салмақта күш сынасып жүрген ең мықты сегіз спортшының басын қосып, жақсы бір жарыстың жалауын желбіретуді көздеп отыр. Сол дүбірлі додада біздің Артем Резников та өнер көрсетеді.

Күрес • 03 Наурыз, 2022

Жеңісті жол жалғасын тапса игі

Кезінде КСРО халықтары спартакиадасы деп аталатын дүбірлі дода төрт жылда бір ұйымдастырылып тұратын. Сол арқылы бұрынғы одақтас 15 рес­публикада осы сала қалай дамып жатқанын анық аңғаруға болатын. Кеңес Одағының боданында болған мемлекеттердің барлығы да өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында тәуелсіздік алып, халықаралық жарыстарға дербес команда ретінде қатыса бастады. Содан бері зымырап 30 жыл өте шықты.

Спорт • 01 Наурыз, 2022

Түркияда тоғыз жүлде алдық

Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өткен Яшар Доғу, Вэхби Эмре және Ха­мит Капланның мемориалын жер­лестеріміз 9 жүлдемен қоры­тындылады.

Спорт • 28 Ақпан, 2022

Чемберленнің шыңы

Наурыз айының басында АҚШ-тың Пенсельвания штатындағы «Хершипарк-аренада» өткен ойынды тамашалау үшін әдеттегіден әлдеқайда аз адам жиналды. Себебі, қалада таң ата себелеп жаңбыр жауып, күн күрт суытып кеткен еді. Десек те сол 4 124 көрерменге тарихи сәттің куәсі болу бақыты бұйырды. Дамылсыз әрі қарқынды шабуылмен өткен матч 169:147 есебімен алаң иеле­рінің пайдасынан шешілді. Яғни, екі команданың нәтижелерін қоса алғанда, олар 316 ұпайға иелік кетті. Одан бөлек, «Филадельфия Уорриорздың» ең белді ойыншысы Уилт Чемберлен бұл бәсекеде ҰБҚ-ның бес бірдей рекордын жаңартты. Сол көрсеткіштердің төртеуінің күні бүгінге дейін мұрты бұзылмай тұр. Уилттың табыстарының ішіндегі ең кереметі – «Нью-Йорк Никске» қарсы кездесуде 100 ұпай жинауы. Оған дейін де рекордтық нәтиже дәл сол баскетболшыға тиесілі еді. 1961 жылдың 8 желтоқсанында «Лос-Анджелес Лейкерспен» шеберлік байқасқан кезде Чемберлен 78 ұпай еншіледі. Арада үш ай өтпей жатып, америкалық жұлдыз 100 ұпайлық межеге жетті. Бір ғажабы, бойы көк тіреген баскетболшы осы ойында 63 рет допты шығыршыққа лақтырып, соның 36-сы нысанаға дөп түсті. 32 айып добының 28-ін мүлтіксіз орындады. Осылайша, оның есімі баскетболдың даңқ залында алтын әріптермен жазылды. Уилт Чемберлен 1936 жылдың 21 тамызында АҚШ-тың Филадельфия қаласында дүниеге келді. Оның бойы – 216 сантиметр, салмағы – 125 кило. 1959-1968 жылдар аралығында Уилт өзінің туған жерінде жасақталған команданың намысын қорғады. 1968-1973 жылдары «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Екі рет ҰБҚ чемпионы атанып, төрт рет ең құнды ойыншы деп танылды. «Жұлдыздар матчында» 13 мәрте өнер көрсетті. Одан да басқа көптеген толағай табыстарға қол жеткізді. Әр кездесу барысында орта есеппен 40-50 ұпайды қоржынға салып отырды. ҰБҚ тариыхындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде Чемберлен жетінші орында тұр. Уилттың алдын тек Леброн Джеймс, Карим-Абдул Джаббар, Карл Мэлоун, Коби Брайант, Майкл Джордан және Дирк Новицки сынды аттары аңызға айналған ойыншылар ғана орай алды. ҰБҚ жарыстарында кейіпкеріміз барлығы 31 419 ұпайды еншіледі. Чемберленнің көрсеткіші таяу арада жаңаруы екіталай. Өйткені одан кейінгі уақытта ойын алаңында жасындай жарқыл­даған талай танымал тұлғалардың бірде-біреуі оның рекордына маңайлай да алған жоқ. Уилттан кейінгі ең жақсы нәтиже Коби Брайантқа тиесілі. 2006 жылдың 22 қаңтарында «Торонто Рэпторсқа» қарсы матчта «Лос-Анджелес Лейкерстің» серкесі өте тамаша ойын өрнегін көрсетіп, мол ол­­жаға кенелді. Бірақ атағы жер жарған Брайант­­тың өзі 81 ұпайлық межеден аса алмады. Уилт Чемберлен 1999 жылдың 12 қазанында 64 жасқа қараған шағында ұзақ уақытқа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.