Спорт • 07 Наурыз, 2023
Әбиба Әбужақынова: Басты мақсатым – Олимпиадада жеңіске жету
Қазақстанда әйелдер дзюдосының даму барысы тым баяу екені белгілі. Ширек ғасырға жуық әлемдік деңгейдегі додаларда бірде-бір балуанымыз жүлде алмағандықтан, Моңғолиядан Галбадрах Отгонцэцэгті шақырттық. Біздің елдің туы астында өнер көрсеткен ол көптеген биік белесті бағындырды. Атап айтсақ, 2015-2021 жылдар аралығында Галбадрах Рио Олимпиадасы мен екі бірдей әлем чемпионатында және Азия ойындарында қола медаль иеленіп, құрлық чемпионы атанды. Моңғол спортшысы татамимен қоштасқаннан кейін Әбиба Әбужақынова жарқ етіп шықты. Қарғадай қазақ қызы бұл күндері өрелі өнерімен жанкүйерлерді қуантып жүр. Дәл осы халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әбибамен тілдесудің реті келді.
Кәсіпқой бокс • 06 Наурыз, 2023
Әйгілі BoxRec порталы P4P жүйесі бойынша әлемнің ең үздік кәсіпқой боксшыларын анықтады. Үздіктер тізімінде орта салмақта WBA Super нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленіп отырған еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин де бар. Біздің Гена бұл рейтингте бесінші орынды еншіледі.
Спорт • 05 Наурыз, 2023
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов пен америкалық Джефф Нил күш сынасты.
Спорт • 03 Наурыз, 2023
5 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өтетін UFC 285 турнирінде қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов өнер көрсетеді.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
Соңғы жылдары әйелдер боксы жер-жаһанның әр қиырында қарыштап дамып келеді. Оған дәлел – былтыр Ыстанбұлда өткен дүниежүзілік додада 73 мемлекеттің өкілдері күш сынасты. Қатысушылардың жалпы саны 310 бұрымдыға дейін жетті. Сондай-ақ әр Олимпиада сайын қыздардың салмақ дәрежелері артып келеді. Ол аз десеңіз, олардың Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан алатын сыйақы мөлшері ерлермен теңесті. Қазіргі кезде бұл сома 2,4 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Сол себепті де жанкүйерлер наурыз айының бел ортасында Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде шымылдығы түрілетін әлем чемпионатын тамашаласақ деп айрықша қызығушылық танытып отыр.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик теннистен БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан АТР-500 турнирінің екінші айналымынан аса алмады.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
Ресейдің Кузбасс аймағында «Азия балалары» деп аталатын халықаралық қысқы ойындар жалғасып жатыр. Кеше Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
20-26 наурыз аралығында Жапонияның Сайтама қаласындағы «Супер Аренада» мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын үш спортшы қорғайды. Атап айтсақ, Михаил Шайдоров мұздағы би бәсекесінде бақ сынаса, Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұптық сайыста өнер көрсетеді. Сондай-ақ қосалқы құрамда Диас Жиренбаев есімді жас өрен бар.
Спорт • 01 Наурыз, 2023
3-5 наурыз аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтетін Гранд слэм турнирінде Қазақстанның дзюдошылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Спорт • 01 Наурыз, 2023
Жеңімпазға – 100 000 АҚШ доллары
15-26 наурыз аралығында Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа 80-ге жуық мемлекеттің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.