Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 17 Маусым, 2021

Роналдудың рекорды мен немістердің автоголы

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Еуропа біріншілігінде F тобында өнер көрсететін командалардың ойындарын тамашаладық. Будапеште Мажарстан мен Португалия құрамалары күш сынасса, Мюнхенде Германия мен Францияның футболшылары шеберлік байқасты. Бұл кездесулердің екеуі де көпшілік көңілінен шықты деген ойдамыз, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 17 Маусым, 2021

Днепр жағалауындағы жарыс

Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 18-21 маусым аралығында Украинаның Запорожье қаласында КСРО халықтары Спартакиадасының бағдарлама аясында грек-рим күресінен (кезінде «классикалық күрес» деп аталған – ред.) бәсекелер ұйымдастырылды. Осылайша, бұрынғы «бауырлас» 15 республика өкілдерінің соңғы рет басы қосқан еді. Көп ұзамай Кеңес Одағы құрдымға кетті, соның салдарынан айтулы додада өтпейтін болды.  

Теннис • 17 Маусым, 2021

Жарысты жеңіспен бастады

Берлинде жүлде қоры 456 073 еуроны құрайтын жарыста Елена Рыбакина өнер көрсетуде. WTA рейтингінде 21-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы өзінің тұсаукесер кездесуінде америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты.

Спорт • 16 Маусым, 2021

Бес каратэшіміз Олимпиада жолдамасына иелік етті

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) Олимпия ойындарына қатысатын спортшылардың жаңартылған тізімін жария етті. Солардың қатарында Қазақстанның бес бірдей өрені бар, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Теннис • 15 Маусым, 2021

Теннисшілеріміз жарысты жеңіспен бастады

Теннисшілердің Париждегі «Ролан Гаррос» додасы аяқталған бетте әлемнің бірқатар мемлекеттерінде басқа да турнирлердің шымылдығы түрілді, деп жазады Egemen.kz.  

Футбол • 15 Маусым, 2021

«Қайрат» Хайфаның «Маккаби» клубымен кездеседі

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылдардағы маусымының бірінші квалификациялық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Маусым, 2021

Спорттық гимнасшыларымыз Осиектен олжалы оралды

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан өткен әлем кубогының кезеңдік сайысында Қазақстанның өрендері табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Маусым, 2021

Таеквондодан Азия чемпионаты басталады

Ертең Ливанның астанасы – Бейрутта теквондодан Азия чемпионаты басталады. Осы жарысқа сары құрлықтың көптеген мықты командалары қатысады деп күтілуде.

Теннис • 15 Маусым, 2021

«Ролан Гаррос» додасы аяқталды

Парижде жүлде қоры 34 367 216 еуроны құраған «Ролан Гаррос» турнирі өз мәресіне жетті. Екі аптадан аса уақытқа созылған жарыста әлемнің ең үздік теннисшілері бақ сынады.

Футбол • 15 Маусым, 2021

«Астана» өз алаңында ұта алмады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турындағы соңғы үш бәсеке Нұр-Сұлтан, Тараз және Қызылорда қала­ларында өтті.