Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 13 Наурыз, 2021

Ыстанбұлда сайысқа түсуде

Кеше Түркияның Ыстанбұл қаласында каратэден аса ірі халықаралық турнир басталды.  Алғашқы күні Қазақстан құрама командасының мүшелері үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 13 Наурыз, 2021

Ауыр атлеттердің ел чемпионаты өтуде

Бұл күндері ауыр атлетикадан онлайн-режимде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 12 Наурыз, 2021

«Барыс» үшін биылғы маусым аяқталды

Нұр-Сұлтанның «Барысы» үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) маусым аяқталды. Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының алтыншы кездесуінде де олар «Металлургтен» ұтылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Спорт • 12 Наурыз, 2021

Тоғыз жолдама үшін таласады

14 наурызда Катардың бас шаһары – Дохада үстел теннисінен Олимпия ойындарының іріктеу турнирі басталады. Бұл жарыста ерлер арасында 78 және әйелдер сайысында 63 ойыншы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 12 Наурыз, 2021

Жасұлан ҚЫДЫРБАЕВ: Өмірде чемпион болудан да басқа құндылықтар бар

Спорт әлемінде Жасұлан Қыдырбаевтың жұлдызы 2014 жылы жарқырай жанды. Жылқы жылы ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қазақтың нар тұлғалы жігіті қарсылас шақ келтірмей, 94 кило салмақ дәрежесінде бас жүлдені олжалады. Шыны керек, бұған дейін ересектер арасындағы дүбірлі додаларда көзге түспеген Қыдырбаевтан төрткүл дүниенің мықтылары жиналған жарыста ешкім дәл осындай орасан зор нәтиже күтпеген еді. Тіпті атағы алысқа жайылған зілтеміршілердің өздері таңданыстарын жасыра алмай, бастарын шайқап, оның мықтылығын еріксіз мойындады. Осылайша, Ж.Қыдырбаев әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ зілтеміршісі ретінде өз есімін еліміздің спорт тарихына алтын әріптермен жазды.

Спорт • 10 Наурыз, 2021

Бапкерлік кәсіпте бағы жанған

Спорттық мансаптарын аяқтағаннан кейін спортшылардың көбіне мықты жаттықтырушы болу бақыты бұйырмайды. Бұл – әлдеқашан дәлелденген жайт. Ал білікті бапкер болу жігер мен табандылықты талап етеді. Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз солардың қатарынан. Дастан Сәдуақасовтың бапкерлік кәсіпте бағы жанды деп айтуға толық негіз бар.

Спорт • 07 Наурыз, 2021

Италияда тоғыз жүлде алдық

Италияның астанасы – Римде өтіп жатқан Маттео Пеликоне мемориалын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері тоғыз жүлдемен қорытындылады.

Спорт • 07 Наурыз, 2021

Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді

Дзюдодан Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші күні Жансай Смағұлов өз жанкүйерлерін қуантып, күміс медальді иеленді.

Спорт • 06 Наурыз, 2021

«Барыс» ұтылып қалды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының үшінші кездесуінде «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургінен» ұтылып қалды.

Спорт • 06 Наурыз, 2021

Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда

Бокстан Испанияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына төрт қола медаль түсті.