Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3521 материал табылды

Бокс • 19 Ақпан, 2021

Солақай Сонни

1970 жылдың 30 желтоқсанында Сонни Листон қапияда көз жұмды. Ол өз дәуірінің ең мықты боксшыларының бірі әрі бірегейі еді. 1962 жылы Чикагода өткен жарыста қарсыласын кескен теректей сұлатып салып, аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанғаннан кейін көпшілік солақай Сонниді енді ешкімнің тоқтата алмайтынына күмән келтірмеді. Бірақ бәрі керісінше болды. Көп ұзамай атышулы боксшы алтын белбеуден айырылып қана қоймай, жылдар бойы тірнектеп жиған абыройдан да жұрдай болды.

Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2021

Баварияда бақ сынаймыз

23 ақпанда Германияның оңтүстік-шығысындағы Бавария өңірінде орна­ласқан Оберстдорф қаласында ерлер мен әйелдер арасында шаңғы жарысынан 53-нші әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 7 наурызға дейін созылатын дүбірлі додада 23 жүлде жиынты­ғы сарапқа салынады. Мамандардың пайымдауынша, жалпы есептегі бірінші орын үшін тартыс, әдеттегідей, Норвегия мен Германия құрамалары ­арасында өтеді.

Спорт • 18 Ақпан, 2021

Дүбірге толы Дүниежүзілік Универсиада

Осыдан төрт жыл бұрын, нақт­ылап айтсақ 2017 жыл­дың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда XXVIII қысқы Дүниежүзілік Универсиада дүркіреп тұрып өткен еді. Алатау баурайын дүбірге бөлеген додада 57 мемлекеттен келген 2 мыңнан аса студент жарыс жолына шықты. 11 күн бойы олар спорттың 12 түрі бойынша сайысқа түсіп, барлығы 85 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бақ сынауға бел буғандар арасында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтардың болуы айтулы жарыстың беделі мен мәртебесін одан әрі арттыра түсті.

Футбол • 18 Ақпан, 2021

131 гол соққан қақпашы

«Әлемде ең көп гол соққан қақпашы кім?» деген сауал қойылса, жанкүйерлердің дені Хосе Луис Чилаверттің есімін атайтыны анық. Бірақ әсте олай емес. Аты аңызға айналған әйгілі парагвайлық голкипердің алдын екі орап кеткен бір қақпашы бар. Ол – 1992-2005 жылдар аралығында әйгілі «Сан-Паулу» клубының қақпасын 23 маусым бойы тапжылмай қорғаған бразилиялық қақпашы Роджерио Сени.

Спорт • 13 Ақпан, 2021

Бублик пен Голубев жарыстың басты фавориттерін ұтты

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті.  Өкінішке қарай, жекелеген сайыстарда сынға түскен Қазақстанның бірде-бір теннисшісі төртінші кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Хоккей • 12 Ақпан, 2021

Балтық жағалауында бағымыз жана ма?

­Өткен аптаның соңында Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ағымдағы жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияның астанасы – Ригада өтетін әлем чемпионатының кестесін жариялады. Соған сәйкес Қазақстан құрамасы өзінің тұсаукесер кездесуін 22 мамырда айдын иелерімен өткізеді. Келесі күні Финляндиямен күш сынасады. Ал одан кейінгі күндері мынадай командалармен шеберлік байқасады: 25 мамыр – АҚШ, 26 мамыр – Германия, 28 мамыр – Канада, 29 мамыр – Италия және 31 мамыр Норвегия.

Спорт • 11 Ақпан, 2021

Беларуське бет қаратпадық

Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open-2021» турнирінің тұсаукесер кездесуінде Қазақстанның ұлттық құрамасы Беларусьмен күш сынасты.

Спорт • 11 Ақпан, 2021

Фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-та алтын алды

Бүгін таң ата алыстағы Америкадан қуанышты хабар жетті. АҚШ-тың Юта штатына қарасты Дир-Вэлли тау курортында Қазақстанның әнұраны шырқалған екен.

Спорт • 11 Ақпан, 2021

Юлия Путинцева үшінші кезеңге шықты

26 жастағы қазақстандық теннисші Юлия Путинцева кеше Мельбурнде өтіп жатқан «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты. 

Спорт • 11 Ақпан, 2021

Ел айбынын асырған Азиада

Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі әрі біргейі – 2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында қазіргі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында VII қысқы Азия ойындарының дүркіреп өтуі. Тіптен, оны тарихи оқиға деп бағаласа да еш артықтығы жоқ. Себебі, дәл осындай ірі әрі кешенді жарыс Ұлы дала аумағында бұрын-соңды өтпеген еді. Ал сары құрлықтың саңлақтары бас қосқан айтулы спорттық шараның аса жоғары деңгейде ұйымдастырылуы Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен мәртебесін күрт арттырды.