Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3360 материал табылды

Спорт • 17 Желтоқсан, 2020

Қарсыластарымыздың құны қанша?

Біз бұған дейін Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан ФИФА-ның штаб-пәтерінде 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстанның ұлттық құрамасы Франция, Украина, Финляндия және Босния мен Герцеговина футболшыларымен бірге D тобында өнер көрсететіні жайында хабарлағанбыз.

Спорт • 11 Желтоқсан, 2020

Жасыл құрлықтағы жарыс

1956 жылдың 8 желтоқсанында Аустралияның Мельбурн қаласында XVI жазғы Олимпия ойындарының алауы сөнді. Айтулы жарыста 67 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса үміткер бақ сынады. Олар спорттың 17 түрі бойынша 151 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Спорт • 10 Желтоқсан, 2020

Алаяқтар

Францияның велосипедшілер одағының техникалық комитеті тарапынан «Тур де Франс» көпкүндігінде алғашқы төрт орынды иеленген спортшыға ережені өрескел бұзғандары үшін қатаң шара қолданылды. Бұл – осыдан 116 жыл бұрын, яғни 1904 жылдың 30 қарашасында болған оқиға. Соның салдарынан франциялық Морис Гарен, Люсьен Потье, Сезар Гарен және Ипполит Окутюрьенің нәтижесі есепке алынбай, аталған велошабандоздардың барлығы түрлі мерзімге жарыстардан шеттетілді.

Спорт • 08 Желтоқсан, 2020

Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан ФИФА-ның штаб-пәтерінде 2022 жылы футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Теннис • 08 Желтоқсан, 2020

Елена Рыбакина үздік деп танылды

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2020 жылдың қорытындысы бойынша эйс жасаған теннисшілер тізімінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 08 Желтоқсан, 2020

Әли Ахмедов чемпиондық тәж үшін таласады

Жартылай ауыр салмақта күш сынасып жүрген 25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов таяу күндері әлем чемпионы атағын үшін таласады, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 07 Желтоқсан, 2020

«World Athletics» сыйлығының иегерлері анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік жеңіл атлеттері анықталып, теңдессіз деп танылған спортшыларға «World Athletics» сыйлығы табыс етілді.  

Спорт • 07 Желтоқсан, 2020

Клубтық әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

Футболдан 2021 жылғы клубтық әлем чемпионатының жалауы Жапонияда желбірейді. Бұл ақпарат ФИФА-ның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 07 Желтоқсан, 2020

Әупірімдеп жүріп жеңдік

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның «Барысы» өз мұз айдынында Подольскінің «Витязь» клубымен шеберлік байқасты.

Егемен Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2020

"Егемен Қазақстанның" шолушысы Айнаш Есалы үздік деп танылды

Бүгін Алматыда Тәуелсіздік күніне орай БАҚ арасында өткен байқау қорытындысы шығарылды. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің тыныс-тіршілігінің әлеуметтік маңызды мәселелерін жариялауға белсенді қатысқан журналистерді марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.