Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Көркем гимнастика: Үш аруымыз әлем чемпионатына қатысады

16-22 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның бас шаһарында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Бақытжан Байтөре: Легионерлер қазақстандық волейболды өркендетпейді

Қазақстан волейболының өркендеуіне Бақытжан Байтөренің өлшеусіз үлес қосқаны еш дау туғызбаса керек. КСРО дәуірінде елеулі табыстарға қол жеткізген ол еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де дара талантымен оқшауланып, теңдессіз өнерімен талай жанкүйерді тамсандырды. 1993 жылы Алматының «Азаматы» айды аспанға шығарып, Азияның клубтық чемпионатында алтын тұғырға көтерілгені есімізде. Көп ұзамай Қазақстанның ұлттық құрамасы құрлық біріншілігінің күміс медалін иеленді. Міне, сол командалардың сапында жалғыз қазақтың жасындай жарқылдағанын көзі қарақты көрермендер әлі ұмыта қойған жоқ. Дәл сол жылы Бақытжан «Азияның ең үздік ойыншысы» деген атаққа ие болды. Бір айта кетерлігі, Байтөреге дейін де, Байтөреден кейін де қазақстандық волейболшылардың бірде-біреуіне дәл осындай мәртебелі атақ бұйырмаған еді. Осы жайттың өзі-ақ бойы екі метрден (202 сантиметр – ред.) асатын қандасымыздың шоқтығы биік ойыншы болғанын аңғартады.

Спорт • 05 Қыркүйек, 2019

Геннадий Головкин әлемдегі ең белді кәсіпқой боксшылардың тізімінде жетінші орында

Әлемге әйгілі ESPN телеарнасы P4P рейтингін қайта жаңартты. Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең белді кәсіпқой боксшылардың тізімінде орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық Геннадий Головкин жетінші орынды сақтап қалды. Ал «ТОП-10» былғары қолғап шеберлерінің тізімі мынадай:

Футбол • 05 Қыркүйек, 2019

Еуропа лигасындағы «Астананың» құрамы анықталды

2019/2020 жылдардағы маусымда «Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінде қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болдды. Бұл тізімге 24 футболшы енді.

Спорт • 04 Қыркүйек, 2019

«Кремль кубогына» Қазақстанның қос теннисшісі қатысады

14-20 қазан аралығында теннистен Мәскеуде өтетін «Кремль Кубогы» жолындағы жарыстың ерлер сайысына Қазақстанның қос теннисшісі қатысады. Олар ­­– Михаил Кукушкин мен Александр Бублик.

Спорт • 04 Қыркүйек, 2019

Күрес: Бас бапкер өз таңдауын жасады

14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Спорт • 04 Қыркүйек, 2019

ҚХЛ: «Барыс» тұсаукесер кездесуінде ұтылды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы басталды. Өкінішке қарай, өзінің тұсаукесер кездесуін Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» Владивостоктың «Адмиралынан» ұтылып қалды.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Шахмат: Қытайда қос күміс медаль алдық

Қытайдың Вэйфан қаласында шахматтан 8,10 және 12 жастағы балалар арасында әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.

Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Теннис: Юлия Путинцева да доданы аяқтады

Нью-Йоркте өтіп жатқан «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігі бел ортадан асты. Алайда қазақстандық теннисшілер үшін айтулы дода аяқталды.  

Футбол • 03 Қыркүйек, 2019

Теңбіл доптың теңдессізі атануға кім лайық?

ФИФА-ның тұжырымы бойынша 2019 жылдың ең үздігі атағынан үміткер үш футболшының есімі анықталды. Олар – Лионель Месси, Криштиану Роналду және Вирджил ван Дейк.