Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 29 Маусым, 2022

Жоспарын жария етті

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» 2022/23 жылғы маусымға қалай даярланатынын жария етті.

Спорт • 28 Маусым, 2022

«Тобыл» «Астананы» қуып жетті

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында жеті кездесу өтіп, со­ның үшеуінде қонақтар жеңіске жет­се, үшеуі тең аяқталды. Тағы бір бәсе­­кеде алаң иелерінің мерейі үстем болды.

Спорт • 28 Маусым, 2022

Жібектің жарқын жеңісі

Сербияның Прокупле қаласында өт­кен жүлде қоры 25 мың АҚШ долла­рын құрайтын ITF турнирінде Жібек Құлам­баева табысты өнер көрсетті.

Спорт • 28 Маусым, 2022

Үнді қыздары озды

Алматының Орталық стадионын­да жеңіл атлетикадан даңқты жел­аяқ, Рим Олимпиадасының күміс жүл­дегері Ғұсман Қосановты еске алуға ар­налған халықаралық турнир өз мәре­сіне жетті.

Спорт • 27 Маусым, 2022

Түркияда бақ сынайды

27 маусым мен 5 шілде аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында шайбалы хоккейден қыздар ара­сын­дағы екінші дивизиондағы коман­далардың әлем біріншілігінің жалауы желбірейді.

Спорт • 27 Маусым, 2022

Әбиба қола алды

Бұл күндері Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam тур­нирі өтіп жатыр. Әзірге Қазақстанның қоржынында бір ғана жүлде бар.

Спорт • 27 Маусым, 2022

«Уимблдон» додасы басталды

Бүгін Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілдердің «Уимбл­дон» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт өкілі бақ сынауда.

Спорт • 26 Маусым, 2022

Шавқат жеңіске жетті

Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC про­мо­у­шенінің кезек­ті турнирі өтті. Атал­ған жарыстың басты бәсе­келерінің бірінде күні бүгінге дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде тоғызыншы орында тұрған АҚШ-тың белді спортшысы Нил Мэгнимен айқасты.

Спорт • 24 Маусым, 2022

Азияда алдыңғы қатардамыз

Үндістанның бас шаһары – Делидегі Индира Ганди атындағы жабық стадионда велотректен ересектердің 41-ші, жасөспірімдердің 28-ші және пара-спортшылар арасындағы 10-шы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын Сары құрлық біріншілігіне биыл 15 елдің үздіктері жиналды. Мұнда Париж Олимпиадасының іріктеуіне ұпай беріледі.

Спорт • 14 Маусым, 2022

Жүлде қоры – 47,1 миллион еуро

27 маусым мен 10 шілде аралығында Ұлыбританияның астанасы – Лондонда «Уимблдон» турнирінің жалауы желбірейді. Биылғы жарыстың басты екі жаңалығы бар. Біріншісі, ұйымдастырушылар аталған додадан Ресейді шеттетті. Соған жауап ретінде Халықаралық теннис федерациясы қатысушылар қаншалықты табысты өнер көрсетсе де, оларға соқыр ұпай да берілмейтінін жария етті. Яғни ойыншылардың ATP мен WTA рейтингінде жоғарылауына еш мүмкіндік жоқ. Екіншісі, былтырғы жылмен салыстырғанда жүлде қоры бірден 11,1 пайызға артып, биыл ол 47,1 миллион еуроны құрап отыр.