Спорт • 26 Қараша, 2024
Шағын футболдан УЕФА рейтингі жаңартылды. Қарт құрлықтың ең үздік командалары арасында еліміздің құрамасы төртінші орынға тұрақтады. Жиған ұпайымыз – 1040. Алдымызда – Румыния (1540 ұпай), Әзербайжан (1425), Сербия (1305). Сондай-ақ ТОП-10 команданың қатарына Болгария (855), Франция (815), Словакия (745), Черногория (685), Мажарстан (665), Чехия (655) еніп отыр.
Спорт • 26 Қараша, 2024
Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир аяқталды. Еліміздің ең үздік спортшысы Михаил Шайдоров аталған жарыста табысты өнер көрсетті.
Спорт • 23 Қараша, 2024
Арменияның астанасы – Ереванда өтіп жатқан әскерилердің әлем чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен еркін күрес шебері Мейіржан Әшіров бас жүлдені олжалады. Жарыс барысында ол Ресей, Моңғолия, Иран, Үндістанның өкілдерінен басым түсті. Сөйтіп, өзінің спорттық мансабында екінші рет дәл осындай атаққа қол жеткізді. М.Әшіров осыдан сегіз жыл бұрын өткен чемпионатта да қарсылас шақ келтірген жоқ еді. Сондай-ақ Ереванда Айдос Сұлтанғали (60 кг, грек-рим күресі), Рүстем Мырзағалиев (86 кг, еркін күрес), Светлана Акинчева (50 кг, әйелдер күресі), Марина Седнева (55 кг, әйелдер күресі) қола медальды иеленді. Аталған жарыс 24 қарашада аяқталады.
Спорт • 22 Қараша, 2024
Алдағы демалыс күндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының кезеңдік сайыстары басталады. Бұл жарыста еліміздің намысын Михаил Шайдоров қорғайды. Жуырда ғана Франциядағы дәл осындай бәсекеде жеңіс тұғырына сәл ғана жетпей, төртінші орынға тұрақтаған отандасымыз бұл жолы қалай да жүлделі орын алуды көздеп отыр.
Спорт • 13 Қараша, 2024
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанада 16-17 қараша күндері Билли Джин Кинг кубогі аясында өтетін Оңтүстік Кореяға қарсы матчқа қатысады. Қазақстан теннис федерациясы Е.Рыбакинадан басқа кездесуге Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева қатысатынын мәлімдеді. Теннисші қыздардың қарсыластары қазірдің өзінде белгілі. Оңтүстік Корея үшін Да Ен Бак (әлемнің 314-ракеткасы), Со Хен Пак (жұптық разрядта 252-ракетка), Ку Ен Ву (WTA, 418), Ким Дабин (жұптық разрядта 838-ракетка) ойнайды. Еліміз құрамасы Ұлттық теннис орталығының корттарында өтетін сайыстың фавориті болып саналады. Әлемдік командалық рейтингте еліміз құрамасы 13-орында, ал Корея 32-орында.
Спорт • 08 Қараша, 2024
Үндістан Олимпиадалық комитеті 2036 жылғы жазғы Олимпия ойындарын өз елінде өткізу жөнінде Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) ресми хат жолдады. Осыған дейін Мексика, Индонезия, Түркия, Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея тарапынан да ХОК-қа осындай өтініш түскен болатын. Ал оның алдындағы ғаламдық додалардың алауы 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ), 2032 жылы Брисбенде (Аустралия) тұтанатынын естеріңізге сала кетейік.
Теннис • 08 Қараша, 2024
Бұл күндері Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында әлемнің ең үздік сегіз теннисшісінің қатысуымен WTA-ның қорытынды турнирі өтіп жатыр.
Спорт • 07 Қараша, 2024
8-10 қараша аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық, жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Көптеген мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынайтын аса жауапты жарыста барлығы 31 жүлде сарапқа салынады. Осы дүбірлі дода қарсаңында аталған спорт түрінің тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.
Спорт • 06 Қараша, 2024
АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында World Boxing (WB) халықаралық бокс федерациясының конгресі өтті. Жиын барысында Қазақстанның бокс федерациясы (ҚФБ) ресми түрде аталған ұйымның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Қазіргі кезде WB-ның құрамында 55 мемлекет бар. Жылдың соңына дейін олардың саны екі есеге артады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ конгресте Қазақстан тарабы 2018 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық әлем чемпионатын елімізде ұйымдастыру жөнінде өтініш білдірді.
Футбол • 06 Қараша, 2024
Ұлттар лигасындағы соңғы ойындар
Футболдан ұлттық құрама команда 12 қарашада Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Команданың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жиынға есімдері төменде аталған ойыншыларды шақыртты.